Қоқыстан бәрін жасауға болады

Қоқыстан бәрін жасауға болады

Қоқысқа бір бума қағаз тастамақшы едім.
«Маған беріңізші» деген дауысқа кілт тоқтадым. Таза беті жоқ, айғыздана жазылған қағазды көріп, қуанып кетті. Мен де мұның себебін білгім кеп, «Қағазды қайтесіз?» дедім. «Аққала жасаймын», – деді жымиып. Суретші Лариса әпкелеріңмен таныстық осылай басталды. Үйінің бір бөлмесін шағын шеберханаға айналдырыпты.
Қағаз, желім, шүберек үйіліп жатыр.
– Бала кезімнен суретші болуды армандадым. Мақсатыма жеттім. Ал тұрмысқа қажетсіз заттардан ойыншықтар жасап жүргеніме көп болған жоқ. Кез келген қажетсіз нәрсенің өзінен бір зат жасауға болады. Мысалы, аққаланы бүктелген қатты қағаздардан жасадым. Оны жасаған кезде қызым қатты қуанды. Қызым үшін түрлі аққала жасай бастадым. Оригами деген ерекше өнер бар. Яғни, қағаздан кез келген мүсінді жасау деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, қағаз бен майлықтан көйлек те жасауға болады. Ескі қалың дәптер мен парақты біріктіріп, қалпақ та жасай аласың, – дейді Лариса.
Біз аққаланың жасалу жолын сұраған едік.
– Алдымен аққаланың көлемін анықтап аламыз, – деп сөзін қайта жалғады. – Соған сәйкес, бірнеше қатты қағазды жұдырықпен қысып, домалақтаймыз. Домалақ саны қаншалықты көп болса, салмағы да сондай болмақ. Оларды біріктіріп, сыртын желімдеп, ақ дәкемен ораймыз. Домалақты ең кемі 5 күн кептіреміз. Екі аяғында қалыпқа келтіріп, осылай қатырамыз. Дайын болғанда, ақ жіппен тігеміз немесе желімдейміз. Аққаланың басындағы қалпақ – майонездің шелегі. Шелектің сыртын жұқа шүберекпен қаптайсың. Басына қисайтып кигізсең де, түзу кигізсең де өз еркің.
Ал, әпкелеріңнің айтуы бойынша, өз қолдарыңмен аққала жасап көріңдер. Суретін бізге жолдауды ұмытпаңдар.
Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА
(«Ұлан», №2 13.01.2015)
zhasorken.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста