Майқан (ускуч) балығы

Майқан (ускуч) балығы

Су дегеніміз - өмір. Қазақстанның өзен-көлдері балыққа бай. Осы байлығымызды бағалап, оның қыр-сырын оқып-үйреніп, зерттесем, көп нәрсе үйренемін. Ең бірінші өз туған жерімнің өсімдігі, аң-құсы,өзен-көлі, балығы, табиғаты туралы көп білгім келеді.
Мені жалпы балықтар әлемі қатты қызықтырады. Олар туралы ойыма көптеген сұрақтар келеді.
1. Балықтар жүзіп жүріп тоқтай алады. Қалай?
2. Олардың көздері жабылмайды. Неліктен?
3.Олар өкпемен емес, желбезекпен дем алады. Неге?

Осы сұрақтарға жауап табу мақсатында мен өте сирек кездесетін балыққа қызығып, ол туралы мәліметтер оқып, жинақтай бастадым. Бұл балық менің туған өлкемде, яғни Марқакөл көлінде тіршілік етеді. Осы балық сирек кездесетіндіктен(Қазақстан бойынша тек Марқакөлде ғана), оны жоғалып кетуден сақтау үшін Марқакөл қорығы құрылған болатын. Оны орысша-ленок немесе ускуч, қазақша - майқан деп атайды. Ғылыми атауы - Ленок Brachmyctax Lenok. Міне осы балық атауының шығу тарихы әлі күнге дейін жұмбақ болып келеді. Жазғы демалыста әдейілеп Марқакөл қорығына барып, қөлді көріп, осы балық туралы көп сұрастырдық. Қорықтың табиғат мұражайында болып, танысып, қызметкерлерімен кездестік.
Балықтар тіршілікке бейімделген жануарлар, жүзу жағынан өзге жануарлардан асып түседі, олар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Желбезек арқылы суда араласқан оттегімен дем алады. Балықтар тек қана суда тіршілік етіп, суда көбейеді.
Дүние жүзінде балықтардың - 22000 түрі
Қазақстанда балықтардың - 104 түрі
Адамдар балықтың бар болғаны 23 түрін ғана аулайды.
Балықтар ең көп тараған омыртқалы жануарлар. Олар екі негізгі топқа бөлінеді

Соның ішінде майқан туралы айтпақпын. Мақсатым: Туған жерімнің құндылығын байлығын білу. Мені өте сирек кездесетін ерекше балықты зерттеу қызықтырады. Ол орысша –ленок(ускуч), қазақша (майқан) деп атайды екен.Өзі тек қана Марқакөл көлінде ғана мекен етеді.
Оны жоғалып кетуден сақтау үшін Марқакөл Мемлекеттік қорығы құрылған көрінеді.
Осы тақырыпта зерттеу жұмысын кітапханадан бастадым. Көптеген балықтар, көптеген қорықтар туралы оқыдым салыстырдым.. Мақал-мәтел, аңыздар,суреттер жинадым. Жазғы демалыста атам мен апам мені Марқакөл Мемлекеттік қорығына апарып, көп мәләметтер жинадым, табиғи музейге барып, өз көзімен көріп, үлкен әсерде қайттық.
Содан мұғалімім екеуіміз интернет желісімен ақпараттар жинадық. Марқакөл туралы өлеңдер жаттап, сүйегінен әртүрлі сувенир жасайтынын біліп, біз де үйрендік.
Оқушыға арналған энциклопедияларды ақтардым. Атамның жазбаларына шолу жасап, Марқакөл туралы, қорық туралы жазғандарын оқыдым. Өлеңдерін жаттадым. Анам екеуіміз балықтар әлемі туралы фильмдер көрдік.Тіпті өмірімде көрмеген, ертегідегі сияқты әдемі балықтар көріп, таң қалдым.

Марқакөл Мемлекеттік қорығы
Табиғаты әсем Марқакөл қорығы облыс орталығы Өскеменнен 500 шақырым қашықтықта жатыр. Ол қазақ-қытай шекарасына таяу маңға орналасқан.
Марқакөл жайында аңыздар көп.Солардың бір-екеуіне тоқталайын.
Осынау ару көлдің ортасында баяғыда үлкен аңғар болған деседі. Шөптің не түрі аңыздай өсіп, жап-жасыл болып жайқалып тұрады екен.Ал аңғардын орта тұсында мөлдір бұлақ болыпты.Бірде жергілікті қойшы сол бұлақтың басында қой жайып жүреді.Қой ішіндегі жүні қап-қара,әдемі бір қозы бастаудан су ішем деп бұлақ суына күмп беріп түсіп кетеді.Қойшы қозына судан зорға сүйреп шығарады.Сол-ақ екен су бүкіл аңғарға жайылып,қайнар-бұлақ лақылдай келіп атқылайды.Жайқалған шалғынды ағыл-тегіл су басып,көп ұзамай көл пайда болады.Осы оқиғаға байланысты көл Марқакөл атанып кетіпті.Ал мына аңызда былай делінген:
Ақын Көпен Ерқасов ағамыз өзінің «Марқакөл» деген өлеңінде.Көл жағасында бір атақты бай өмір сүргенін,сол байдың Марқа деген өте сұлу қызы болғанын жазады.
Ешбіріне жүрегін бермепті де,
Ешкіміне Марқа қыз көнбепті де…
Қайта оралмас сапарға аттаныпты,
Қапияда бір сырқат мендепті де.
Марқа қызды жоқтап жылаған елдің көптігі сонша көздің жасынан көл суы пайда болыпты - мыс.
Осынау асқақ таулар мен ну ормандар құшағында мүлгіген көздің жауын алатын әсем өлкеде сирек кездесетін аңдар мен құстар көп.Оларды қорғау мақсатында Марқакөл Мемлекеттік қорығы 1976 жылы құрылған. Марқакөлде Дүние жүзінде сирек кездесетін балықтың 4 түрі бар.
Қорықта хайуанаттардың 59 түрі,
құстың 254 түрі,
өсімдік 721 түрлері бар.
Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық танытады; теңіз деңгейінен
1485 м биіктікте орналасқан,
ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м.
Онда сирек кездесетін майқан (ускуч) балығы тіршілік етеді.
Марқакөл Мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында, қорық 75 мың гектар алқапқа орналасқан.Қорықтың әкімшілік үйі бар Ұрынхай ауылы елден тым жырақта қоныстанған.Қорықтың табиғат байлығына,таңғажайып сұлу көрінісіне қалам тартпаған жазушы-ақындарымыз кемде-кем.
Мені өзімнің туған өлкем Марқакөлдің –аты,табиғатының сұлулығы, байлығы қатты қызықтыра бастады.
Ел, жер танығын келсе,өзіңнің туған жеріңнің әрбір ағашын,ой-шұңғырын, өзен-көлін білуден баста-дейді атам.Ол кісі жергілікті ақын.Атамның да Марқакөл туралы жазған өлеңі бар.
Теректі вальсі
Туған өлкем,туған жерім тынысым,
Береке мен байлық тұнған ырысым.
Марқакөлім Теректінің айнасы.
Алтайымның жайнап өскен гүлісің.
қ-сы
Төрт түлік мал саялаған беткейді.
Сағынышым Теректіден кетпейді.
Туған жердің әсем сұлу аруы,
Теректіге ешбір ауыл жетпейді.

Елім жомарт қуанышты әр таңы,
Бақытты еткен нұрын шашып баршаны.
Теректіде өсіп өнген ұл мен қыз,
Ардақтаған анасындай Марқаны.
Нәбиолда Кемешев

Майқан (ускуч) балығы тіршілік ететін Марқакөл көлінің табиғаты мен сипаты
« Марқакөл – Алқа көл.Етек Алтайдың ең биігінде жатқан,ару көзінің аясындай ғана айна көл.Найман мақтанса,Марқасына жер бетінен тең таппайды.
Оның әріптесі-аспандағы күміс күн мен алтын ай ғана.Сұлулықтың басқасы болса-кәмшат ішіктің етегін көл-бірете жайып.көк буырыл құндызды жағасына бос тартып, Азияның ең биігінен жалпақ әлемге жаудырап қарап жатқан ару» деп жазушы Уахап Қыдырханұлы ағамыз теңеу айтса,
Төсеніп жасыл кілем,киіп торқа
Жамылып жанат ішік,тағып алқа
Тәкәппаар,ару сұлу тәрізденіп
Толқиды салтанатпен ару Марқа-деп жырлайды
Тұрсынхан Әбдірахманова апамыз.
Көлдің көлемі қорық ауданы бойынша -71367 гектар.
Айдын аумағы-44450 гектар.й
Ұзын бойы-38 шақырым
Ені -80 шақырым
Көл жиегін айналып шығамын десеңіз-160 шақырымдай жол басасыз.
Сабасында жатқан су -6370 миллион текше метр,тереңдігі 14-20 метр.
Көлге жүзден астам сай,арна,жылға,бұлақ-бастау құяды.Оның жиырма жетісі үлкен арналар:
Теректі                                  Мотабай
Ұрынхай                               Жиреңбайтал
Мылтықбай                          Қарабұлақ
Самырсынды                      Байтақ
Баяусу                                   Құндызды
Тасбұлақ                               Бөгенді т.б.
Шілікті

Теңгедей көлдің төңірегінен-ақ әлемдегі аң-құс,өсімдіктердің бәрі дерлік табылып жатады.«Он сегіз мың ғаламды бір тарының қауызына сыйғызған» құдіреттің хикметі деп біліңіз.
Ғасырлар жасаған тайганың қоршауындағы осынау көлге кім келсе де,оның мөп-мөлдір айдынының сан құбылған ғажайып реңіне назар салмай өте алмайды.
Марқакөл Қазақстанның ең суық аймағы.Ең төменгі температурасы-55 0-қа дейін төмендейді (Орловка ауылының маңайы).Жазда температура 29 0 градусқа дейін көтерілсе,қыста 40-44 0 градусқа төмендейді.
Алғашқы қар қазан айының бірінші онкүндігінде байқалады.Тұрақты қар жамылған қараша айының бірінші онкүндігінде қардың орташа қалыңдығы 40-70 см, ал кей жылдары 150 см –ге жетеді.Қар 160-170 күн жатады.

Жел көбіне оңтүстік Шығыстан соғады.Өзен аттарымен аталатын аса күшті желдер: батыстан-Шүмек, Шығыстан-Тихушка, оңтүстіктен- Ұрынхай соғады.
Олар соққанда көл бетіне қобалжу тудырады,жергілікті тұрғындардың ырымы бойынша бұл ауа-райының өзгеретінін білдіреді.
Алайда,қашанда тосыннан соғатын Темірбек аталатын тағы бір жел бар. Оның қашан соғатынын алдын ала болжау мүмкін емес деседі жергілікті адамдар.
Тып-тынық күндері ол кенет Күршім жоталарынан құйындатып шыға келеді де,солтүстік батысқа қарай долдана соғады.Көл айдынында шың басынан бейне бір құлап түскендей лезде көбік шашқан жол-жол толқындар тұрғызып,Темірбек ішін тартып екілене ұйтқиды,қайықтарды бүйірінен ұрып,оларды көбіне аударып тастайды.
Тау басынан тосыннан соғатын мұндай желді Алтайда бар деп айтады.Темірбек желі соған ұқсайды.Көлдің астың үстіне шығарады.Ол кезде балықтар тығылып қалады екен.
1978 жылдан бері Марқакөл қорығының қызметкерлері көлде және оның маңайында табиғатта болып жататын барлық оқиғаларды егжей-тегжей жазып отырған.«Табиғат шешіресін» жүргізіп келеді.
Марқакөлдің климатын,табиғаттағы құбылыстардың алмасуын жақсырақ түсіну үшін қорықтың ғылыми қызметкері Г.М.Васильев құрастырған фенологиялық шолу мен жергілікті тұрғындардың бақылауына жүгінсек:
Қарашаның басында Марқакөл қата бастайды,22-қарашада көл тұтасымен мұз жамылады.
Марқакөлді «Алтайдың інжу-маржаны» деп атайды.Бұл араның табиғатына тамсанбаған,қызықпаған ғалым жоқтын қасы.Ғалым Валериан Правдухин өзінің саяхаттар кітабына былай деп жазған:
«Алтай қытайша Киншан-алтын тау аталады.Бұл еліміздің басты қоймасы».
Мұндағы кентастарда қорғасын,мырыш,мыс,күміс және кадмий,молибден, висмут,индий,талий секілді сирек металдар бар екен.
Марқакөл көлінің түсі өзінің әртүрлілігімен және әдемілігімен таң қалдырады;
ашық күндері:көл көк немесе көгілдір;
ауа-райы өзгерсе: қара сұр немесе күміс реңдес түске енеді.
Көл шарайнасы күні бойы әлденеше рет өзгереді.
Көлдің суы:
ультратұщы
өте жұмсақ
кальций тобының гидрокорбанат класына жатады.
Қыста көл қатады.Мұздың қалыңдығы 60-120 см-ге жетеді.Көлге құятын кейбір тау өзендерінің арнасы қатпай қалады.

Майқан (ускуч) балығы,оның ерекшеліктері
Марқакөл көлінде тіршілік ететін балықтың 4 түрі мекендейді. Олар:
Хариус(қарауыз)
Теңге
Талма
Майқан (ускуч)
Ең негізгісі де осы майқан балығы. Оны жергілікті тұрғындар қызыл балық, ускуч деп те атай береді.
Майқан (Ленок Brachmyctax Lenok) эндемиктерге
айналған, Қазақстандағы албырттардың бір өкілі, Марқакөл тарихын бүкіл бір дәуірдің символы және қорықтың эмблемасы болып саналады.
Осы балықтың көптігінен ең алдымен өзен маңайына қоныстану басталады. Бұл өткен ғасырдың бас кезі. Көбіне орыстар келе бастады, өйткені майқан (ускуч) балығының көптігі, ерекшелігі тез тарап кетті. Тіпті сонау Бийіскіден келе бастаған. Алтайда сібір майқаны «ускуч» деген атпен қазіргі күнге дейін жұмбақ болып келеді.
Майқан (ускуч) негізінен көлдің тереңдеу жағында мекендейді. Олар салқынды ұнатады. Тек Марқакөл көлінде мұз дәуірінен бері тіршілік етеді. Ихтиологтардың айтуынша, салқындықты ұнататын осы бір балықтар қараңғы иірімдерде үйір-үйірімен шоғырланып алады да, мөлдір судың ішінде бірін-бірі қуып асыр салады екен.
Мұзаралық дәуірде Марқакөл өзге сулардан оқшауланып қалғаннан кейін ондағы барлық балықтар өз алдына бөлек түр құрып, эндемиттерге айналған. Өзендерді мекендейтін басқа тұқымдастарынан олардың дене құрлысымен тіршілік ету әрекеті өзгеше болып келеді. Мәселен, майқан(ускуч) балығының арқа және аналық қанаттары кішірейгенде, құрсақ қанаты үлкейіп, сонымен бірге оның өсіп-жетілуі тездете түскен. Бұл балық еш жерде жоқ.
Орыстар келіп қоныстанғанға дейін мұнда балық аз ауланған, сондықтан балық көп болған.
Маркөлде балықтың орасан көптігі сырттан келген орыстарды қайран қалдырған. Көп ұзамай мұнда шалғай жерлерден (киржақтар) шұбырып келе бастаған. Табыскердің күні туып,қайткенде де «өз сыбағасын» алып қалуға жанталасқан, олар балық қорына зиян келтірді.
Ол сол кезде 2-3 күнде ұстайтын балықты, қазір бір айда әзер ұстайды екен, салыстырып қарағанда балық саны азайған.
Алайда көлдің ихтиофаунасы мен балық қорының жай-күйі ұзақ уақыт бойы егжей-тегжейлі зерттелмей келген. Тек 1956 жылы ғана Қазақ ССР Ғылым академиясының зоология институты Марқакөлге өз экспедициясын аттандырды. Ғалымдар балықшыларға баяғыдан –ақ мәлім жайларды тізіп шықты. Марқакөлдің майқаны едәуір ұсақталып кеткен.
Бұрын жұрт он алты киллограмға дейін тартатын майқан (ускуч) аулай береді екен.
Қазір 3-4 килограмм тартатын майқанды аулайды.
Қазір 3-4 килограмм тартатын майқандар қазірдің өзінде сирек ұшырасатын ірі балықтар болып есептеледі. Ихтиолог В.П.Митрофанов бұл жайды былай түсіндіреді «Майқан (ускуч)жыныстық жағынан бес-алты және де одан да асқан шағында жетіледі. Оның қоры жеткіліксіз пайдалануда, мұның өзі уылдырық шашуға ыңғайлы жерлерді неғұрлым ірі (сақа) балықтар басып алып, бұл жерлерге майда (жас) балықтардың жолай алмауына әкеп соқтырады.
Соның салдарынан мұндай жағдайда балық жыныстық жағынан кеш жетілуге дағдыланады.
Жергілікті тұрғын П.И.Тумашев есіне алып отырып: баяғы да майқанның (ускуч) үлкен терісін тауып алғанын айтты. Ал оның терісінің мықтылығы сондай, айта кету керек, етік тігуге болады дейді.


Қорытынды
Табиғатқа қанша қысым жасасаң да,бәрібір ол бұзып-жарып тіршілікке талпынады.Көктемде бара қалсаң,онда майқан (ускуч) мен хайрюз жүзіп жүреді.Ирелен иірімдерді бойлап жоғары өрлеп бара жатады,қалай ғана жол тауып өтеді екен!Олардың осылай жүргеніне қарай бергін келеді.
Марқакөл маңайында қорық болу,шамасы,жаратылысынан-ақ жазылып қойса керек.Ол жер адам аяғы жете бермейтін бір қиянда тусырап жатқан, Алтай табиғатының және онымен жапсарлас Орталық Қазақстан зоналары мен Моңғол шөлінің бүкіл байлығына жиналған өте сирек ұшырасатын өзгеше өлке.Өзгеше өлкенің балығы да өзгеше.
Аса бағалы,әрі өте дәмді майқан (ускуч) балығының ,иншалла, жоғалып кету қаупі сейілсе екен.
Мен осы жобамен айналысқалы көп нәтижеге жеттім.Жазда атаммен Марқакөл қорығына барып,өз көзіммен көріп қайттым.Алған әсерім керемет! Табиғат көрінісі неткен әдемі! Көлге бардым.Майқан (ускуч) балығын өз көзіммен көрдім,бақыладым,бейне көрініске түсірдім. Мен адамзат баласына бар дауысыммен жар салар едім.Табиғатты ластамайықшы,бүлдірмейікші.Табиғаттың байлығына тамсанайық, сүйсінейік,ашылмаған сырын ашайық,қорғайық.
ҚР-ң Президентінің Жолдауында: «Жаһандану және күрделене түскен әсемдік бәсекелестік жағдайында қазақстандықтар адам дамуының басты салалары таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс.
Тіршілік тірегі –табиғат.Ол адам баласының ортақ қазынасы.Табиғат пен адамзат баласы дүниенің бір-бірінсіз тұл болатын ажырамас бөліктері екенін түсіне отырып,мен Марқакөлімдегі майқан (ускуч) балығы туралы, оны қайтсем бұрынғы ірі қалпына келтірем,қайтсем өсімталдығын жоғары деңгейге жеткізсем деген ой-арманым шарықтай береді.Қайтсем де зерттеп, майқан (ускуч ) балығы туралы сұрақтарға жауап табамын.
Қорыта келе, ең бірінші –табиғатты туған анандай түсіну ,екінші –табиғатқа туған бабаңдай табыну, үшінші- табиғатты туған ұлыңдай қорғауың қажет.Осы үш ұғымды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2008ж. №1
2. Қысқаша энциклопедия. Алматы 1998ж.
3. Маркакольский государственный природный заповедник. Усть- Каменогорск. 2009 г.
4. Қазақстан елімен сиқырлы саяхат. «Шикула и К»
5. Атлас-Хрестоматия. Дүниетану.
6. В.Михайлов Марқакөл, Алматы «Қайнар» 1984ж.
7. Жануарлар, құстар, жәндіктер. Балаларға арналған танымдық энциклопедия. Алматы «Аруна» баспасы. Ж.Ш.С.
8. Әттең, Алтай-Марқакөл. У.Қыдырханұлы. Алматы «Жібек жолы», 2008ж.
9. Заповедник и национальные парки Казахстана. Алматы кітап. 2009г.


Нәбиолда Дильназ №1 Теректі орта мектебінің 3- сынып оқушысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста