Оқу-білім туралы мақал-мәтелдер

Оқу-білім туралы мақал-мәтелдер
Оқу-білім туралы мақал-мәтелдер Оқу – инемен құдық қазғандай. Оқымаған бір бала, оқыса екі бала. Оқу – білім бұлағы. Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. Оқу – білім азығы, Білім – ырыс қазығы. Білім басы – бейнет, соңы – зейнет. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні кәріп. Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады. Өмір – үлкен мектеп. Өмірдің өзі – ұлы ұстаз. Жердің сәні – егін, Ердің сәні – білім. Жер – ырыстың кіндігі, Білім – ырыстың тізгіні. Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ілім – жанып тұрған шырақ. Білімді өлсе, Қағазда аты қалар. Ұста өлсе, Істеген заты қалар. Кітап – алтын қазына. Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. Көргенсіз дегенге кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп. Ғылым – теңіз, білім – қайық. Алтын алма, білім ал. Ұстаздан шәкірт озар. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. Әліппенің ар жағы – білім бағы. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім. Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл. Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын. Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол. Асу бермес асқар жоқ. Білегіңе сенбе, біліміңе сен. Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас. Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей, Егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей. Білім ауысады, Ырыс жұғысады. Білген кісі тауып айтады, Білмеген кісі қауып айтады. Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен жоқ болса кішіден сұра. Ақыл –дария, Ой – теңіз. Оқығанның бәрі жарық, Оқымағанның беті шарық. Білек сүріндіре алмағанды, Білім сүріндіреді. Білетінің бір тоғыз, Білмейтінің тоқсан тоғыз. Күш – білімде, білім – кітапта. Кісінің кісілігі, Киімінде емес, білімінде. Киіміне қарап, қарсы алады, Біліміне қарап шығарып салады. Білім гауһар – Бағасы жоқ. Надандық кесел – Дауасы жоқ. Қарғыстың ең жаманы – Өзің білме, білгеннің тілін алма. Түстік өмірің болса, Кештік білім жи. Білмесең үндеме, Білгенді күндеме. http://www.kalaisyn.kz
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста