Тақырыбы: "Мысықтың адам өміріндегі маңызы"

Тақырыбы: "Мысықтың адам өміріндегі маңызы"

Аудандық республикалық
ғылыми жобалар сайысында
ІІІ орын
Шығыс Қазақстан облысы,
Көкпекті ауданы
«Көкжота орта мектебі»КММ
Жұмыс бағыты:
Биология, химия, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау;
Авторы:Какимова Қарақат
1 -сынып оқушысы
Жетекшісі:Мейрамхан Ғалия
Бастауыш сынып мұғалімі

Мазмұны
КІРІСПЕ
1.1.Мысықтарды қолға үйрету тарихынан
1.2.Үй мысығының ерекшеліктері
1.3.Мысықтар сиқырлы жануар ма?
1.4.Мысықтар арқасымен құламайды
1.5.Ғылым мен медицинада мысықты пайдалану.
1.6.Мысықтар туралы қызықты мәліметтер
2.ҚОРЫТЫНДЫ
3. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Аннотация

Елбасымыз Н.Назарбаев 2010 жылғы жолдауында «Біз толайым табыстарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындырдық, алайда алар асуымыз әлі де алда» деп ой айта келіп, мұғалімдерге де үлкен міндеттерді жүктегені мәлім. Ендеше келешекте Қазақстанның қарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі оқушы – ертеңгі азамат болғандықтан, оқу үрдісін жаңартып, білім сапасын арттыру мұғалім құзырындағы жауапты іс.
Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Осыған орай, Көкжота орта мектебінің 1-сынып оқушысы Какимова Қарақатты «Мысықтың адам өміріндегі маңызы» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынып отырмын. Мысықтарды танып,оның тіршілігін оқып үйрену мен аялау,бұрын кездеспеген, бірақ оқушының қызығушылығын оята білген мысық түрлерімен танысу. Соның маңыздыларының бірі мысықтың қасиетін, даму ерекшелігін, мінез құлқын танып,біліп олардың адам баласына тұрақты бейімделуін, жетілуін, маңыздылығын бақылау.
Сол себептен, жұмыстың мақсаты: Ауылда кездесетін мысықтардың түрлерін анықтау, мысықтардың адамға тигізер қасиеттері.
Зерттеудің өзектілігі: Мысық әрқашанда адам жанынан табылады, мысықтың адам өміріндегі маңыздылығын ешқашанда жоғалтпайды. Оны зерттеп білу ешқашан өзектілігін жоғалтпайды.

Ауылда да, қалада да үйлерінде мысық ұстайтындар көп. Олардың кейбіріне мысық үйіне тышқан жоламауы үшін қажет болса, екіншілері мысықты өзіне серік етеді, үшіншілеріне асыл тұқымды, ерекше түр-сипаттағы мысық үйіне көрік, тұрмысына сән беруі үшін керек. Тіпті, мысықты қан қысымын басу тәрізді емдік шаралар, түрлі апат, тылсым күштерден хабар алып, сақтану үшін де ұстайтындар көп. Сонда кәдімгі үй мысықтарының таңғажайып қасиеттерге ие болғаны ғой.

Мысықтарды қолға үйрету тарихынан
Зерттеушілердің болжамы бойынша, жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ең қызығы, ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген. Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысықтәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысықтәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда кездеспейді. Жер бетінде тек қана мысықтардың сексенге жуық түрлері тіршілік етеді. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Ман аралының шолақ құйрық мысығы, сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары. Мұның сыртында мысықтар түр-түсі, мінез-дағдысы, көз жанарының түсі және басқа да белгілері бойынша ажыратылып, аталады. Көптеген елдерде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істейді. Мұнда мысықтар тегі, түр-түсі бойынша арнайы кітаптарға тіркеліп, олардың көрмесі ұйымдастырылып отырады. Ал енді, жалпы мысықтәрізділердің 4 туысы, 36 түрі бар. Қазақ жерінде 3 туысының (мысық, барыс, қабылан) 8 түрі мекендейді. Мысық туысына 6 түр жататын болса, бұлардың дене бітімі ықшам, алдыңғы аяқтары 5, артқы аяқтары 4 саусақты, тырнақтары жиырлатын болып келеді. Дене тұрқы 40-105 сантиметрдей, салмағы 2,5-24 келідей. Құйрығы көпшілік түрінде ұзын, түгі тықыр, қалың әрі жұмсақ, көпшілігі теңбіл де жолақ. Олар тек қана етпенен қоректеніп, ұсақ түрлері жыл сайын 5-6 (тек үй мысығы мұнан жиі), ірілері 2-4 ұрпақ (жылда емес) әкеледі. Мысық туысының 3 түрі (қарақал, сабаншы, шағыл мысығы) бар. Бір түр тармағы қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысықтәрізділер бағалы терісі үшін ауланады.

Тамақ жеп алғанан кейін мысықтар міндетті түрде беті- қолын тілі арқылы тазалайды. Кішкентай балаларының өзі осы әдетке қалыптасқан.
Үй мысығының ерекшеліктері: Мамандар үй мысығының 7-8 айында жыныстық жағынан жетілетінін айтады. Және олар «мысық балалар алдында бөлменің оңаша жеріне таза, жұмсақ төсеніші бар себет немесе жәшіктен ұя жасап қою қажет. Оны мысық өзіне «жатақ» қылып алады», - дейді. Осынау мамандардың пайымдауынша, бір мысық бірден жетіге дейін балалап, олар көзін 7-10 күн болғанда барып ашады. Сөйтіп, балалары есейгенше енесінің сүтімен қоректенеді. Үй мысықтары жылына екі рет, жекелеген түрлері 4 рет балалап, өсіп өнеді.

Дәрет алатын орны үнемі ауыстырылып, таза тұру керек
Үй мысығы - өте таза хайуан болып есептеледі. Мысықты түзге шығуға өзі сұранатындай етіп үйретеді. Жүні ұзындарын күн сайын, жүні қысқаларын күн ара тарап отыру қажет. Мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге шығарады. Пәтерде оларға арнайы орын бөлініп, оған құм немесе топырақ, ағаш ұнтағы салынған себет әйтпесе жәшік қойып, ішін күнде жаңартып тұрады. Жаңартып отырмаса мысық дәретке отырмай қояды.
Мысықтар арқасымен құламайды
Нью-Йорк қаласында үйдің 32 қабатынан құлаған мысық өлмей тірі қалған. Осындай биіктіктен құлаған мысықтардың 132-сінің ІІ-і ғана өлетін болып шықты. Яғни, үйлер неғұрлым биік болса, мысықтардың да сақтану мүмкіндігі солғұрлым мол болады екен. Өйткені, құлап келе жатқан мысық өзінің қорғану, аман қалу «тетіктерін» көзді ашып-жұмғанша тез іске қосады. Ол бейне бір көзге көрінбейтін айналдырғыш аппарат тәрізді. Соның көмегімен ол арқасымен құлағанда да өз осімен айналып, аяқтарының табанын жерге төсей қоятын көрінеді. Жерге жақындағанда құлау жылдамдығы арта түскенімен, мысық табанын жайып жіберіп, аяғына түсетін күшті азайта алады. «Мысықтардың жоғарғы биіктіктен құлағанды «жақсы көретінінің» себебі де - осы арадағы қашықтықты «басып өткенше» біраз уақыт өтіп, денесіне жайлы болатындай етіп «қонудың» әрекетін жасап үлгіреді».

Тылсым күштерді сезіп, адамға ем сыйлайды.Анасы балалаған кезде тығылып балалайды.Адам баласы көрмейтін жерді таңдайды.

Ғылым мен медицинада мысықты пайдалану.
Мысықтардың да адам ауыратын сырқаттарға шалдығатыны анықталып отыр. Ғылым мен медицинада мысықты пайдаланудағы жаңа бағыт-батыс дәрігерлерінің оларды есірткі мен ішімдіктен адамдарды емдеуде тәжірибе құралына айналдыруы, ағылшындардың мысықтардың қандай ауруды емдей алатынына зерттеу жүргізіп, оны түр-түсі мен терісіне қарай ажыратуды анықтағаны. Ағылшын зерттеушілерінің ой-пікірі бойынша, ақ түсті мысық бүкіл ауруларды жаза алады. Сол себепті Ұлыбританиядағы кейбір дәріханалар ақ мысықты дәрі-дәрмек ретінде сатуға көшіп отыр. Ал, енді Берлиндегі геронтология институтының ғалымдары мысық иелеріне мынандай зерттеу жүргізген: үйінде мысық асырайтын 3 мың адамды бес жыл бақылауға алады, өмір бойы мысық асыраған адам үйінде мысық ұстамайтын адамға қарағанда 10,3 жыл артық өмір сүретіні анықталады. Және де осы бақылауда мысық асырайтын адамдардың қан қысымының көрсеткіштері де жақсы болып шығады...

Мысықтар туралы қызықты мәліметтер.
Англияда Йода есімді төрт құлақты мысық өмір сүреді. Оның иелері Тед және Валерий Рок мысығын түрлі жануарлар дәрігерлеріне көрсеткенінде, мысықтың артық құлақтарының болғаны болмаса, оның ақыл-есі дұрыс, есту мүмкіндігі де ойдағыдай екендігін айтқан екен.

Манчкин — өте ерекше мысық. Қарапайым мысықтармен салыстырғанда бұл мысықтың денесі ұзынырақ. Сондықтан да оны такса деп атайды екен. Ал басқа дене пішіні мен ішкі және сыртқы құрылыстары басқа мысықтардікіндей.

 

Америкада Даниэль есімді 26 саусақты мысық өмір сүреді

Мысықтар тек адамдардың назарын өздеріне аударту үшін ғана мияулайды екен.

1963 жылы Францияда ғарышқа алғаш рет мысық ұшырылған екен. Фелисетт есімді мысық  жерден 200 км жоғарыға ұшып, қайта аман-сау оралған.
Мысықтың адамды тістеп алуы өте қауіпті. Соның кесірінен жылына жүзден аса адам көз жұмады.

Мысықтардың көру мүшесі адамдардың көру мүшесіне қарағанда жақсы жұмыс істейді. Өйткені олар қараңғыда да көздері жанып, біз көрмейтін заттарды көз нысанасына ала алады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
2. Денсаулық журналының жиынтығы
3. Дүниетану оқулығы, 1,2,3,4 – сынып, «Атамұра» Алматы, 1997 жыл
4. Гаврилов Э.И. Справочник по кошкам Республики Казахстан. Алматы, 2000
5. «Google.ru» сайты
6. Ғаламтор материалдары

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста