Үндістанның білім беру жүйесі қандай?

Үндістанның білім беру жүйесі қандай?

Адамдар Үндістанға бір мәрте болсын қонақ болып қайтқан адамның мәңгілікке өзгеретіндігін айтады. Бұл өлкеде өзге елдердікіне сай келмейтін ерекше қағидалар мен ережелер бар. Сол қағидаттар білім жүйесімен тікелей байланысты. Касталық жүйе мен жаппай сауатсыздықты жоюға бағытталған шаралар мемлекет ішінде үнемі жүзеге асып отырады.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен болғандықтан, қарапайым тұрғындардың қалтасы қосымша шығынды көтермейді. Мұнымен қатар, менталитет пен мемлекеттік экономикасы да әсер етеді. Соңғы жылдардағы өзгерістерді ескерсек, көк оқушы мектепті тәмамдаған соң ЖОО-да білім алу мүмкіндігіне ие болып жүр. Алайда барлығы емес, тек бітіруші түлектердің жарты бөлігі ғана. Яғни баланың білімді болуы ата-анасының қаражатымен тікелей байланысты.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда көп мектептің жағдайы мүшкіл. Мысалы, оқушылар еденде отырып сабақ оқитын мектептер бар. Ал қарапайым тастар парта қызметін атқарады. Керегеге сызылған тіктөртбұрышты тақта ретінде пайдаланады.
Мектепке дейінгі білім
Балабақшалар Үндістанда жоқтың қасы. Әдетте мектепке дейінгі білімді аналары береді. Егер ата-анасы жұмыста болса, баланы туысқандары қарайды.
Мектептегі білім
Оқушылар мемлекеттік мектептерде тегін білім алады. Бірақ, ауқатты ата-аналар балаларын жекеменшік мектепте оқытуды жөн көреді. Балаларын жекеменшік мектепке оқытқан жағдайда айына 100 АҚШ долларын төлейді.
Сапалы білім беретін мектепті табу өте қиын. Әдетте жекеменшік мектептерде ғана сапалы білім береді. Бірақ ол жерде екінің бірі оқи алмайды.
Оқушы жекеменшік мектепті бітірген соң хинди мен ағылшын тілдерін толық меңгеріп шығады.
Үндістан мектептерінің өзге мектептерден айырмашылығы оқушыларға тегін тамақ беретіндігінде. Қазы-қарта ұсынбаса да, нанға май жағылға бутерброд ұсынады.
Жоғарғы білім
Үндістанда 200-ге жуық білім ордасы бар. Оның 16-сы бір орталыққа бағынады. Бірінші орын б.з.д. V ғасырда құрылған Наланд университетіне тиесілі.
Үндістанда бір саланы ғана меңгеруге көмектесетін ЖОО-лар өте көп. Мысалы, Индира Кала Сангитх студенттерді үнді музыкасымен, Рабинд Бхарати бенгал тілімен таныстырады. Мумбай, Раджастхан, Калькутта және Ганди университеттері ең үздік білім ордаларының қатарынан табылады.

massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста