Бір пакеттің хикаясы

 Бір пакеттің хикаясы

Жобамның мақсаты: Полиэтилен пакетінің зиянын анықтап, пакеттерге қарсы күрес жолдарын қарастыру және экологиялық ахуалдың алдын алу үшін ұсыныстар беру.

Жобамның міндеттеріне тоқталсақ:   

1.     полиэтилен пакеттерінің шығу тарихымен танысу; 

2.     полиэтиленнің қоршаған ортаға зияндығын анықтау; 

3.     полиэтилен қапшықтарының зиянын алдын алу жолдарын қарастыру;

4.     тұрмысқа қажетті қапшықтардың зиянсыз түрлерін қарастыру.

Адам бір полиэтилен қапшығын шамамен 20 минут қолданады, ал оның ыдырауына 100-400 жыл кетеді. Сондықтан оларды жою (утилизациялау) және қайта өңдеу немесе қолдануын шектеу өзекті мәселе ретінде қалып отыр.

Біз зерттеу жұмысы барысында, әр отбасы күніне 4 полиэтилен жасалған тұрмысқа қажетті заттарды тұтынатынын білдік. Ал, Өскемен қаласында шамамен 300 мың адам мекендейді. Яғни орта есеппен қаламызда 75 мыңдай отбасы бар. Бұл статистикаға қарай отырып біздің өзіміздің қаламызда

1 күнде 300 000 пакет

1 аптада 2 100 000 пакет

1 айда 9 000 000 пакет

1 жылда 109 500 000 пакет қолданылады екен.

Енді осы полиэтилендерден келетін зиянан қаламызды қалай құтқарамыз деген сұраққа жауап іздеп, ұсыныс жасауға тырысамыз.

Алдымен, пакеттің шығу тарихына тоқтала кетейік: Алғаш рет қарапайым орау пакеттері 1957 жылы АҚШ-та жасалды және бутербродтар, нан, көкөністер мен жеміс орау үшін арналған. Бара-бара оның қолдану ауқымы кеңейіп, 2002 жылы, пластикалық қаптар шығарылымның жалпы ғаламдық көлемі жылына 4 - 5 трлн арасында болған.

Ал, осы өзіміз күнделікті қолданатын полиэтилен пакеттер несімен зиян дейтін боларсыздар. Ендеше, мына деректерге назар аударайық:

Полиэтилен өнімдердің пайдаланған соң лақтыра салса 400 жыл шірімей жатып алып жерге зиянын тигізеді. Ал, өртесе жанып жатып әуеге аса улы органикалық қосындылар бөліп шығарады. Оның күлінде ауыр металдар бар. Одан – шөп, шөптен – мал, малдан – адам ағзасына түскен ауыр металл қатерлі ісікке себепкер деседі. Онымен қоса, ғалымдар бір жылда бір миллион құс полиэтилен қалдығын жеп өлетінін айтады.

Жыл сайын осы пакеттерді қорекке ұқсатып жұта беретін бейшара киттердің, су тасбақасы мен итбалық­тардың 100 мыңнан астамы өледі.

Жыл сайын дүниежүзінде 3 триллион түрлі қапшық пайдаланылады. Оның бар болғаны 5-10 пайызы ғана қайта өң­де­­летін көрінеді. Осы мәселелерден қазір әлемнің бірқатар елінде бұл өнімге қарсы «соғыс» жүріп жатыр.  Бангладеш астана­сында оны қолдануға нүкте қойыл­ды. Тайвань да сөйтті. 40-қа жуық мемлекет пакеттерді қолданудан бас тартты/салық жинайды.Олар: Дания, Германия, США, Англия, Ирландия, Финляндия. Біріккен Араб Әмірліктері қорша­ған ортаға, әсіресе жануарларға, соның ішінде түйенің өміріне қаупі бар деген себеппен алдағы жылдан бастап ыды­рамайтын пакеттерді біржола на­рық­тан алып тастауға белін бекем байлап отыр.

Ал, Қазақстанда отандық өнді­ріс­ке тыйым салу арқылы ештеңені шеше ал­май­тынымыз анық, себебі қазіргі нарық­та, негізінен, басқа елдерде, әсіресе Қытайда жасалған пакеттер пайдаланылады. Қазақстандағы биологиялық жолмен ыдырайтын, яғни шіріп кететін пакеттер шығаратын санаулы өндіріс орындарының бірі - Ақтөбедегі «Поливест».

Зерттей келе, біз мына шешімдерді ұсынамын:

Ұсынысым:

         Біз тауарлар мен қызметтердің молшылық кезінде өмір сүріп жатырмыз. Оның артықшылығымен қатар кемшіліктері де бар: ағаштардың саны азаюда, қоқыстың мөлшері артуда, өмір сүру ортасының сапасы төмендеуде және т.б. Сондықтан әр адамның қолынан келетін қарапайым эко-әдеттерді ұсынамыз.

 1.   Полиэтилен  қалдықтарын  жинайтын  орын  ашу  керек.

2.   Белгілі  мөлшерде  полиэтилен  тапсырған  тұрғындарға коммуналдық  төлемдерден  жеңілдік  жасау (Бұл  ұсыныс  қала  тұрғындарының  қызығушылығын  ояту  үшін). 3. Қалада полиэтилен заттарын екінші реткі өңдейтін зауыт  салу  керек (Бұл  шағын  зауыттар  жиналған  полиэтилен  қалдықтарын  сорттап,  тазалап,  ірі  зауыттарға  екінші  реткі  өңдеу  үшін  шикізат  ретінде  дайындау).

4.  Биоыдырайтын  полиэтиленнен  жасалған

пакеттерді елімізде жаппай енгізу қажет. 

5.  Эко-сөмке. Мүмкіндігінше дүкеннен полиэтилен пакет алмаңыз. Оның орнына бір-екі эко-сөмке алыңыз. Ол үнемді әрі ұстауға өте ыңғайлы. Оның иыққа асатын ұзындау бауы болады және өте берік матадан жасалады. Экосөмкені әркез ауыстырып, лақтырудың қажеті жоқ. Ол сізге ұзақ қызмет етеді. Оны полиэтилен пакет секілді әркез қоқысқа лақтырмайсыз және экологияға зияныңызды тигізбейсіз. Сондықтан, эко-сөмкені әркез өзіңізбен салып жүруді, дүкенде полиэтилен пакет бергенде бас тартып, өз сөмкеңізге салып алуды әдетке айналдырыңыз.

6. Қоқыс жинау. Отбасыңызбен арасында саябаққа немесе табиғатқа барып қоқыс жинауды әдетке айналдырыңыз. Балаңызды табиғатпен "дос болуға", оны құрметтеуге шақырыңыз. Сол секілді көкке шыққанда демалып болған соң артыңызды қоқыстан жақсылап тазалап кетіңіз. Тек өзіңіздің емес, оған қоса басқалардың тастап кеткендерін де жинай салыңыз.

 Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Заңдарында қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары көрсетілгенмен, оны орындау әр адамның өз қолында.

Жалпы тіршілік иесіне жаһандық жылынудың қаупіндей қатер төндіретін полиэтилен пакеттермен Жер-Ананы ластауды тоқтатуды өзімізден бастайық.

Шығыс Қазақстан облысы білім  басқармасы 

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«№ 47 жалпы білім беретін мектеп  » КММ

Жетекшісі: Төреханова Жанар Төрехановна, бастауыш сынып мұғалімі

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста