Қашықтықтан оқыту маған не берді…

01 сәуір 2021, 13:47

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті елімізге енгізген COVID-19 пандемиясы кезіндегі төтенше жағдай кезеңінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-19-9/1238-И хатына сәйкес білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін және оқу процесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын, қашықтан білім беруге көшу бойынша шараларды жүзеге асырды.

Қашықтықтан оқыту әрине білім алушылармен көзбе-көз ақпарат алмасуға, әркімнің көңіл күйін білуге мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ қашықтықтан оқыту үшін оқытушы, педагог компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі, ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет. Педагог ретінде айтарым «әр өзгерістің өзіндік жақсы жақтары бар». Қашықтықтан оқыту технологиясын сапалы жүзеге асыру мақсатында әр педагог шығармашылық ізденіс үстінде.

Олар онлайн, бейне сабақтарды сауатты  жүргізу және жасау әдістерін меңгеруде. Әр қала, ауыл және ауданда отырған білім алушыларын дұрыс ақпараттандыру, сабақтың материалдарын қашықтықта сауатты жеткізудің тәсілдерін жасауда. Әркімнің, яғни әр педагогтың өзіндік жеке технологиясы, шеберлігі бар, ол сөзсіз рас. «Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» – деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай, қазіргі таңда, қашықтықтан оқыту кезінде оқытушылар өз уақыттарын аямай 24 сағат, жеті күн жұмыс жасап жатыр.
Бұл еңбек бағалану керек. Олар сабақтарына дайындықтан бөлек, әртүрлі бағдарламалар (discord, bandicam, uvScreenCamera, marker және т.б) меңгеруде. Бағдарламаларды меңгеріп, сапалы видео сабақтар, презентациялар жасауда. Үнемі ғаламторда отыруға мәжбүр. «Жақсы сөз, жарым ырыс» – деп бекер айтпаса керек ата-бабамыз, бәрінен жақсылық іздейтін халықпыз. Қашықтықтан оқыту жаңа дүниелерді меңгеруге, шығармашыл ізденіске шабыт, рухани баюға уақыт бергені анық. Бұл менің жеке көзқарасым.

Аяулы Серікмұхаметқызы НҰРБАҚОВА,
Алматы темір жол көлігі колледжі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы