Оқушыға көмекші

Наурыз – жаңаша түлеген табиғат мерекесі

  • Наурыз – жаңаша түлеген табиғат мерекесі

    Наурыз – жаңаша түлеген табиғат мерекесі

Наурыз шығыс халықтарының қадым календарының Жаңа жылы. Көне дүниенің тарихшысы Квинт Курций Руф «Ескендір Зұлқарнайының жорығы» деген шығармасында бұл мейрамның Орта Азия ел-жұртының арасында өту тәртібі жөнінде мынадай тарихи дерек келтіреді: «Ұлыс күні таң шапақ бере падишаның шатырының үстіне күн бейнесі қойылып, алаңға қызыл мәуіт киген 365 бозбала шығады. Мереке думан осыдан кейін басталады.  

              Наурыз – дүниенің ғарыштық, космостық сипатын, адам мен космостың ақсақалдар алдына жеті дәмнің жеті түрінен жасалған «Наурыз көже» жеті тостағанмен таратылады. Жеті саны әрине, жеті күннен тұратын жұма, мәңгі ғарыштық қозғалыстың мезгілдік бунағы.

 Демек, Наурызды жаңаша  түлеген табиғат мерекесі дейтініміз сондықтан. Наурыз – түренін серпіп тастап, қайта құлпырған дүние бедері.

Наурызды мейрамдау дәстүрі қайдан келгенін, қашан басталғанын анықтау қиын. Бірақ оны алғаш ойлаған жан жаратылыстың буынын есептеп, дәл тапқанға ұқсайды. Әлімсақтан ата-бабамыз күн нұрын мінәжат тұтқанын білеміз. Қазақтың есігі арайлап атып келе жатқан Күнге бағышты орнатылады. Бұл қара салттың мән-жайын біз қазірде біле бермейміз. Қазақтың «есік-алды» деген сөз әдетте шығысты меңзейді. Бұл дәстүр – ата-бабамыздың мыңдаған жылдар бойы Күнге, күн шапағына табынуының салдары. Қазақ этнографиясының біршама салалары осы қадым дәстүрді бойына сіңіріп қалған. Мәселен, қазақ дастарқанына отырған адамдардың арнайы «бекітілген» өз орны болады.  Ал осы салттың әуелде Күн нұрына мінәжат етуімен байланысты болғанын мұсылман идеологиясы естен шығарып жіберді. Әдетте төр – сыйлы қонақтікі, үлкендікі, ол орынға отағасының өзі де отырады бермейді, ал дастарханның сол жақ бөлігі – үй иелерінікі де, оң қанаты – бала-шағанікі. Қазақтың дүниенің төрт бұрышын тергеу жүйесі де күнге қарап отырған адам арқылы анықталады. Бұл орайда дастарқанымыз компас қызметін атқарады. Төрге отырған қонақтың маңдай алды  -  шығыс, желке жағы – батыс, оң қолы – оңтүстік, сол қолы – солтүстік. Бұл тәулігіне күн айлана келіп, киіз үйдің есігіне қайта нұрын шашқанда үйде отырған адамдар белгілі бір мінәжат ету рәсімімен орайлас. ХVІ ғасырдағы қазақ тіршілігінде шығып келе жатқан күнге ішіп отырған асын тосу салты туралы деректі Рузбихан тарихының «Бұхар мейманының кітабы» деген шығармасынан білеміз. Бұл ишара жақсылықты армандаудан шығады: «Міне, шапақ шашты құдіретім, сенің жылы шырайыңды көргенде тіршіліктің рахатына бөленіп, үй-ішіміз сенің жібектей созылған нұрыңды күтіп отырмыз. Мерейіңнен таса қыла көрме» деген аян айтылғандай.

 

 Тамыры терең – наурыз

   Наурыздың шығу тегі, оның қыбыр еткен жан-жәндіктің етегіне ырыс пен береке болып төгілуі, осы мейрамға орай ел арасындағы орныққан дәстүр мен салт, жөн мен жоралғы тарих қойнауына тармақтап кетеді. Қолда бар тарихи мағлұматтар біздің эрамызға дейінгі төртінші мыңжылдықтың өзінде бұл мереке орын алғанын, оның идеялық өзегі скиф-сақ өмірінде кең етек алған жыртқыш аңдар мен көкпек қоректенуші хайуанаттардың «жекпе-жек» шенесін Наурыз түнгі жұлдызды аспандағы ет (Арыстан) пен Торпақ (Өгіз) шоқжұлдызының тоғысуының өнердегі бейнеленуі деп біледі. Наурыз мейрамының тарихи тағдырын ғалымдар еуразиялық  мал өсіруші киелі шаруашылықпен байланыстыратынын жеке оның адырлы апайтөс Қазақстан жерінде дүниеге келгенін мойындайтынын ескерте кеткен жөн.

   Алайда, Наурыз – адамзаттың ежелгі ақыл-ой тарихының мәдени арнаға түскен атауы. Мифология – көне дүние философиясы екені айтылып жүр. Мифологиялық сана бойынша дүниедегі құбылыстар өзгермей, шеңбер түрінде өтіп, қайталанып отырады деп саналған. Күн мен көлеңке, мейірім мен зұлмат жыл бойы аңдыса келе қыстың соңы мен көктемнің алғашқы күні бетпе-бет сайысқа түседі.

   Наурыз – игілік мейрамы. Бұл күні қазақ дастарқаны мерекелік ғибадатханаға алады, салтанатты дастархан неше түрлі әшекейермен, теңбаулармен, басқұрмен безендіріліп, үстіне байрақшалар мен жалаушалар қойылып, сықырлауықтың маңдайшалары мен адалбақандарға гүл ілінеді. Ел жаңа киім киіп, көптен көрмеген жандардай бір-біріне сәлемдесіп, бал ашып, болашақты жориды.

  Наурыз күні әртүрлі спорт жарыстары өткізіліп, ел бір-бірімен ырыздығынан бөлісіп, құрбандық шалынып, қонақ шақырады, жарлы-жақыбайларға шүлен таратылады, ағайын-туыс бір-біріне сауға мен тауға-таралғылар сыйлаған, ат жарыстырып, сейіл құрған, жігіттер қыздарға қызғалдақ ұсынған, бойжекендер гүлдесте тоқып, келіншектер игі тілек желеуінде сол күні ырымдап суға шомылған. Жастар су шашысып, ақсақалдар жеті түрлі шөптің көсегіне қарап, болашақ егіннің қырманға құйылар қызылын мөлшерлеген.

Наурыз – парасат мейрамы

 Осы дәстүрдің баршасы Наурыз мейрамы неғұрлым бай, аста – төк тойланса, сол жылдың несібесі де соғұрлым мол болады деген нанымнан қуат алады. Алайда, бұл нанымның діни санаға қатысы шамалы. Онда діни соқыр сенімнен гөрі, азаматтық игі ниет мол. Сонымен Наурыз тойында өткізілетін сайыстың ұлттық ойындық – спорттық түрлері Наурыз түні космоста өтетін күн мен түннің ауысуының бейнесі, адамдар арасындағы баламасы ретінде жүреді екен. Бұл да тұр – тура көне Греция мен Римде өтетін олимпиялық ойындар мен гладиаторлар сайысының әлеуметтік сипатында өтеді. Алтыбақан Шығыс мифологиясының кейіпкері Жәмшиттің күміс күйме мініп аспанға ұшуы да , елдің жаңа киім киюі, үйден оттың күлін шығаруы, еркек пен әйелдің, ата мен келіннің қол ұстасып билеуі, ғарыштағы, демек, өмірдегі қарама – қайшылық құбылыстар мен процесстердің өзара тоқайласуы, диалектикалық қайшылықтардың уақытша шешілуінің  көрінісі. Бұл мейрамның философиялық тегі тіріге өмір мен өлімнің арақатынасын еске алдыратын қасиетінен белгі береді. Ол қысқа мерзім ішінде болсын ата мен баланы, ана мен қызды, ене мен келінді табыстыратын рухани мереке қызметін атқарады. Наурыз Қазақстанның әр өңірінде әртүрлі өткен ықыласқа толы ашық.  Ол мейрамның ел іші дендеген бүлікке, жаманатқа тосқауыл құрып, араз адамдарды, ағайын-туысты татуластырған, ескі жылдың дау-дамайын жаңа жылға ауыстырмайды, оның қайта қозуына тиым салған. 

 Демек, Наурыз – парасат мейрамы. Орта ғасыр кезінде Наурыз күні ел ағасы ертемен тұрып, Наурыздың туғанын жария етіп, халықты «Ұлыстың ұлы күнімен» ресми құттықтаған. Наурыз игілік мейрамы. Бұл күні қазақ дастарқаны мерекелік күйге енеді, салтанатты дастарқан неше түрлі әшекейлермен, тең баулармен, басқұрлармен безендіріліп, үстіне байрақшалар мен жалаушалар қойылып, сықырлауық есіктің маңдайшаларына,  адалбақандарға гүл  ілінеді. Ел жаңа киім киіп, көптен бері көрмеген жандардай бір\біріне сәлемдесіп, бал ашып болашақты жориды. Бұл мейрамның философиялық тегі мен тірегі өмір мен өлімнің арақатынасын еске алдыратын қасиетінен  белгі береді. Тәтті ұйқыдан тұрдық. Айнала бозамық. Әлде бір жып-жылы сәуле еседі. Алыстан талып естілетін жер асты гүрілі құлағыма жеткендей. Таң себелеп, ағарып атып қалыпты. Үй ішімізбен далаға шықтық. Қазақтың киелі жеріне  әз-Наурыз келеді екен. Наурыз парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген ұғымды білдіреді, бұл күні күн мен түн теңеледі. Жарықтық аналар-ай! Әжемнен, аяулы анамнан алған өнеге, қолыма қазан алдырды. Анам тірі болса бір кесе сүт алып, күнге тағзым етіп, баршамызға тілек арнайтын  еді-ау. Мен де сол үрдіспен ұлым мен қызыма  өнеге үйреттім, осы сәтте денеме  күш-қуат дарығанын сездім.

Қыдыр ата аралап өткен табиғат тегіс дастарқан жайып жатқан сыңайлы. Адамдарға  дәулет  дарытып, бақ қондыратын ақсақал  бейнесі бүкіл еліміздің ырысын тасытса екен. Әрбір шаңырақтан мың түрлі кеселді,  жаманды  қуып тастаса деп тіледім. Наурызда бәле-жала аулақ жүрсін деп, үй ішін жуып-тазартып, кептірілген арша,  адыраспанмен аластап шығу  әдетімізге айналды емес пе? Наурыз келгенде жер беті жасарып сала беретіні ғажап. Жеті түрлі дәннен жасалған наурыз көже пісіріледі. Адамдар бір бірімен құшақтасып қауышып, игі тілектерін арнайды. Өкпе ұмтылады, реніштер санадан өшіріледі.

Шіркін, Наурыздың шаттығы осындай. Ағайын ақ мол болсын, бәле-жала аулақтасын! Ел-жұрт аман болсын! Айналдық  алтын салт дәстүрден. Ынтымақ, бірлігіміз жараса берсін. Ата салтқа адалдық танытайық. Баршамыздың басымыз аман болсын! Қуанышты күннің жаңа жылы құтты болсын!  Дүниеге көрік берген, шырайлы,  жылы жыл басы Наурыз қош келдің!

     Ұлы күн, Ұлыс күн, Үміт күн!

Аршагүл Тойбай, Анаға құрмет музейінің меңгерушісі




Көрілген: 5836    Пікірлер: 0

жұма, 19.03.2021, 12:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31