ОЛИМПИАДА 2012

Алашқа алтыншы алтын сыйлаған Ольга


• Елбасының құттықтау жеделхаты

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға!

ХХХ жазғы Олимпиялық ойындардың жеңіл атлетика сынындағы жеңісіңмен және алтын медаліңмен құттықтаймын.

Қазақстандықтар сен жарысқа шыққан кезде ерекше толғаныста болды. Сен олардың үміті мен сенімін толықтай ақтап, біздің атлеттеріміз әлемнің күшті спортшыларының қатарына енгенін тағы да дәлелдедің.

Сенің жеңісің еліміздің көптеген жас спортшылары үшін үлгі-өнегеге айналатынына және мыңдаған балалар мен жасөспірімдердің жеңіл атлетикамен шұғылдануына ықпал ететініне сенемін.

Саған алдағы уақытта да табыстар және жаңа спорттық биіктерді бағындыра беруіңді тілеймін!



Ольга Рыпакова Шығыс Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанып отыр. Шығыс жұрты Алашқа алтыншы алтын сыйлаған жеңіл атлет Ольга Рыпакованы айрықша құрметпен қарсы алып қана қойған жоқ, жанұшыра жанкүйер де болды.




Ольга ақтық сында өнер көрсеткен күні Өскемендегі Спорт сарайының алдында ор­наласқан үлкен экраннан спортшының са­йысын тамашалауға қаланың белсенді жастарымен бірге Шығыс Қазақстан об­лысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі де келіп, жерлестерімен бірге қуанышты сәттің куәсі болды. Ертесінде Алматыға ар­найы барып, Рыпакованы ұшақтан күтіп алып, табанын жерге тигізбей Өскеменге алып келді.

Жерлестері Ольгаға ақжарма тілектерін айтып, қуана қарсы алды. Тұрғындар Ольгаға елімізге әкелген алтыншы алтыны үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да жеңістерге жетуін тілеп жатты.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова – еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттағы Шығыс Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Сондықтан оған қандай құрмет көрсетілсе де лайықты. Осыны анық түйсінген облыс басшылығы Ольганы әуежайдан қарсы алған күні жұртшылыққа жағымды жаңалық жеткізді.

 – Спортшылар Лондон Олимпиадасына жол жүрмей тұрып, бірінші орыннан алтыншы орынға дейін үздік нәтиже көрсеткен жағдайда олимпиадашыларға сыйақы беру мәселесі шешілді. Алтын медаль үшін – 50 мың АҚШ доллары. Жер шарының ең басты спорттық жарыстарына өңірден жеті спортшы аттанды. Оларды осындай жолмен ынта­ландыруға шешім қабылданған еді. Ольга алтын медаль жеңіп алды, уәде етілгендей, ол облыс әкімдігінен сыйақы алады, – деп мәлімдеді бұл туралы Шығыс Қазақстан об­лысы әкімінің баспасөз қызметі.

Отызға қараған шағында Олимп шыңын бағындырған Ольга Рыпакова спортқа жастайынан бет бұрған секілді.  

 – Оля маған тоғыз жасында келгенде-ақ оның болашағы бар бала екені көрініп тұрды. Ол дарынды еді, – дейді Рыпакованың алғашқы бапкерлерінің бірі Татьяна Назарова. – Оляның әке-шешесі де спортшылар, сондықтан ол да осы жолды таңдады. Әсіресе әкесі оған үнемі қолдау білдіретін. Жас­өс­пірімдер сайыстарында да Ольга жақсы нә­тижелер көрсетіп жүрді. Жарайсың, Ольга! Же­ңістерге жете бер!



Дерек пен дәйек

Ольга Сергеевна Рыпакова 1984 жылы 30 қарашада Өскемен қаласында дүниеге келді. 2000 жылдан бері Шығыс Қазақ­стан облысының Өскемен қаласы бойын­ша Олимпиада резервінің маманданды­рылған балалар-жасөспірімдер спорт мек­тебінде жаттығады.





Көрілген: 2919    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2012, 13:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз 2012
    Зілтемірші Зүлфия
    14 Тамыз 2012
    Мұқалмас Майя

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31