ОЛИМПИАДА 2012

Алғашқы қоланы Оралдың оғланы әкелді

Лондон боз кілемінде Қазақстан қоржынына алғашқы қола жүлдені салған Даниял Гаджиевтің батысқазақстандық екенін біреу білсе, біреу білмес. Талай танымал балуандар туған Дағыстан елінде дүниеге келіп, кейін қазақ жеріне қоныс аударған Даниял Олимпиадаға Оралдың атынан кетті. Гаджиевтің осындай шешім қабылдауына ықпал еткен Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының бастығы, өзі де белгілі балуан Мүсілім Оңдағанұлы болатын. Құрама сапында алаңсыз жаттығуына жағдай жасады, жарыстарға қатысуына мүмкіндік туғызды. Нәтижесі – Тұманды Альбиондағы қола медаль!




Олимпиаданың қола медалі үшін өткен тартысты белдесуде біздің спортшы гру­зиялық Владимир Гегешидзеден 2:1 есебімен басым түсті. Мұның алдында 84 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан Даниял болгариялық Христо Диянов Мариновті тізе бүктірген еді. Алайда ширек финалда ресейлік Алан Хугаевтен же­ңілген болатын. Бірақ жұбаныш белдесуіне шыққан ол беларусьтық Алим Селимовті ұтып, Олимпиада қоласы үшін күресуге мүм­кіндік алды.

Даниял Гаджиев 1986 жылы Дағыс­танда туған. 2011 жылдан келісімшарт бо­йынша облысымыздың намысын қор­ғайды. Грек-рим күресінен ҚР Халық­ара­лық дәрежедегі спорт шебері. Былтыр Түр­кияда өткен халықаралық турнирдің жүл­дегері.

Азаматы аламанға түскенде ауыл-ай­мақ бірге қиқу қосып, қолдайтыны белгілі. Лондон төріндегі спортшы жерлестерімізге рух беру мақсатында Оралда осы күндері бірнеше шара өтті. Солардың қатарында қала­лық мәдениет және демалыс саяба­ғында өткен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттың интеллектуалды түр­лері бойынша сайысты атауға болады.

«Турнир дойбы, шахмат және тоғыз­құмалақ түрлері бойынша спорт мерекесіне орай және XXX Олимпиадалық ойындарда ел намысын қорғап жүрген спорт­шыларымызды қолдауға арналды» дейді ұйым­дастырушылар.

– Біздің жерлесіміз Даниял Гаджиев тамаша табысқа қол жеткізді. Сол үшін оны мақтан етеміз, – деді «Арба» ҚБ төрайымы Гүлмира Батпақұлова.

Сол секілді, Орал қаласындағы Мән­шүк Мәметова алаңында Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиадаға қатысушы қазақ­стандық спортшыларды қолдау мақса­тында спорттық ойындар болып өтті. Қа­ладағы 16 аула клубының әрқайсысынан он баладан қатысқан шараның көрермені де көп болды. Шара барысында 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдерге «Кө­ңілді сөре» ойындары ұйымдасты­рылды. Спортқа ден қойған жеткіншектерге биылғы Олимпиада туралы сауалдар қойылып, мүдірмей жауап бергендеріне сыйлықтар ұсынылды. «Шараның басты мақсаты – Олимпиадаға қатысушы қазақ­стандық спортшылардың жанкүйерін көбейтіп, оларға қолдау көрсету, жеткін­шектердің спортқа қызығушылықтарын арттыру, оларға өтіп жатқан Олимпиада туралы кеңірек мағлұмат беру» дейді ұй­ымдастырушылар. Балалардың көңілді шарасы ән-бимен әрленіп, шараға жи­ылған қарияларға қуаныш сыйлады.




Көрілген: 2720    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2012, 12:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз 2012
    Зілтемірші Зүлфия
    14 Тамыз 2012
    Мұқалмас Майя

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30