ОЛИМПИАДА 2012

Алып шаһардың абыройын жалғыз өзі құтқарып қалған ару

  • Алып шаһардың абыройын жалғыз өзі құтқарып қалған ару

    Алып шаһардың абыройын жалғыз өзі құтқарып қалған ару

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері түрлі деңгейде өткен спорттық сайыстарда жүлделі орындардан көрінген қазақстандық спортшылардың 30-35 пайызын алып шаһар Алматы атынан түскен сайыпқырандар құрап келген еді. Ал Лондонда өткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында Алматы абыройын бар болғаны жалғыз қола медаль ғана қорғап қалды. Әсіресе алматылықтар үшін салмағы аса ауыр бұл жүлденің иесі – еркін күрес шебері Гүзел Манюрова.

Гүзел Тагирқызы 1978 жылдың 24 қаңтарында Ресейдің Саран қала­сын­дағы татар отбасында дүниеге келген. Гүзел мектепке барар жылы  ата-ана­сымен бірге Мәскеуге көшіп барған. Бастауыш сыныпта оқып жүріп айкидомен шұғылданған. Ол арада 2-3 жыл өткенде спорт­тың бұл түрінен тәп-тәуір нәтижелерге қол жеткізіп, 3-інші данға дейін көтеріледі. Алайда оның қалауы бұл емес еді. Оны ол білді әрі сезді. Сол себепті болар, ол 2002 жылдан бас­тап еркін күреске біржолата ден қойып, жаттығуға білек сыбана кіреді. Арада екі жыл өткенде, яғни 2004 жылы бірден Афины Олим­пиа­дасында Ресей атынан сынға түсіп, күміс жүлдегер атанады. Алайда уа­қыт өте келе Гүзел ханым Ресейдің еркін күрес федерациясымен кейбір мәселелерге байланысты тіл табыса алмағандықтан, 2010 жылы Алма­ты­ға көшіп келеді. Дәл қазір Алма­тыда тұра­ды. Отбасылы. Ресей аза­мат­тығын Қазақ елінің төлқұжатына ауыс­тырған ол бүгінде респуб­ли­ка­мыздың атынан сынға түсіп жүрген ең үздік спортшылардың бірінен са­налады. Енді, міне, сол спорт­шы­ның арқасында Қазақ елі де, Ал­маты ша­һары да асқақтап тұр. Гүзел сондай-ақ бұған дейін Еуропа, 2005-2007 жылдары Ресей және 2010-2012 жылдары Азия чемпионы атақтарын иеленген.

Марат ЖАНБАҒАРОВ, алматылық жанкүйер:

– Басқа-басқа, мен Гүзелдің жеңіске жеткенін қатты тіледім. Өзіңіз ойлаңызшы, егер Алматы атынан сайысқа түскен бірде-бір спортшы жүлдеге ілінбейтін болса, алматылықтардың басқа өңір халқы алдында ұятты болары анық еді. Рақмет саған, Гүзел! Жаса Гүзел! Өзіңнің де, қазақтың да абыройын асқақтата бер...


Дәл қазір алматылық жеңімпазды құттықтау шарасы әзірлік үстінде.

Дәурен ҚҰДАЙБЕРГЕН, Алматы




Көрілген: 2630    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2012, 11:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз 2012
    Зілтемірші Зүлфия
    14 Тамыз 2012
    Мұқалмас Майя

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31