ОЛИМПИАДА 2012

Арысымыз тағы да ерледі


• Елбасының құттықтау жеделхаты

Қазақстанның даңқты спортшысы Александр Винокуровқа!

Топтық веложарыстағы тамаша жеңісіңізбен құттықтаймын! Жолды жүріп өтіп, мықты қарсыластарыңызды басып озуға сізге өзіңізге тән мақсаткерлік пен рухтың зор күші көмегін тигізді.

Олимпиаданың алғашқы күніндегі сіздің айқын жеңісіңіз  Қазақстанның даңқын әлемге паш етті және отандық велоспорттың жоғары деңгейде екенін тағы да көрсетті.

Сіз веложарысты зор қызығушылықпен және толқыныспен қадағалап, өзіңізге шын тілеулес болған барлық қазақстандықтарға және спорт жанкүйерлеріне тамаша тарту жасадыңыз.

Біздің құраманың бұл алғашқы алтыны ХХХ жазғы Олимпиялық ойындардағы бұдан кейінгі жарқын жеңістеріміздің бастауы болсын!



Лондондағы Олимпиада ойындарында еліміздің қоржы­нына алғашқы және жоғары сынамалы медальды алып келген Александр Винокуров  қазақ жанкүйерлерін зор қуанышқа бөледі. Бұл – спорт­шының екінші олимпиадалық жүлдесі. Ол 2000 жылы Сиднейде күміс алған болатын.




Спорт әлемінде шартарапқа Вино деген атпен танылған Александр Винокур­ов 1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстік Қа­зақстан облы­сының Бескөл ауылында дү­ниеге келген. Вино­куровтың велоша­бан­доз ретіндегі ал­ғаш­қы қадамы 24 жасында «Казино» коман­да­сынан басталады. Спорт­шы 1998-1999 жыл­дары «Дюнерктің төрт­күндігі» және «До­фи­не либере» көп­күндіктерінде жеңімпаз атан­ды.

Вино үшін 2003 жыл жемісті болды.  Ол «Париж-Ницца»  жарысында алғашқы орын­ды иеленді. Араға 40 күн салып, ве­ло­шабандоз Amstel Gold Race біркүндігінде тағы да топ жарды. Осы жылы Швей­ца­рияда Tour de France жарысының бірінші дең­гейін жеңіп, қорытынды есепте үшінші орын­ға қол жеткіз­ген болатын.

Александрдың алтын медальдары 2006 жылы атақты испандық Вуэльта жа­ры­сында тағы да толықты.  Осылайша вело­шабандоз өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Спортсүйер қауым 2007 жылы Тур де Франс жарысында Александр­ға үміт артқан еді. Дүбірлі додада Вино­кур­ов қатты жарақат алғанына қарамастан, қар­сыластарынан басым түсіп, әлемді таң­дай қақтырды. Алай­да ұйымдастырушылар Виноны «қан ауыс­тырды» деп айыптап, команданы түгел­дей жарыстан қуып, екі жылға жарыстардан алас­та­ды. Александр­дың үлкен спортқа оралуын жанкүйерлері екі жыл күтті. Ол 2009 жылы «Астана» құра­мына қайтып келді. 2010 жылы Алек­сандр Винокуров «Джиро де Трентино»  веложарысының алғашқы кезеңінде үздік болып, екінші кезеңінде мәре сызығын екін­ші болып кесіп, жалпы есепте жеңіс тұ­ғырына көтерілді.

2010 жылы «Тур де Франс» Вино үшін қайғылы аяқталды. Спортшы қатты жарақат алып, спорт­пен қош ай­тыс­қан еді. Алай­да Ви­но­кур­ов тағы бір ер­леп, Лон­дон Олимпиа­да­сында күт­пеген жерден Қа­зақстан ко­манда­сы­на ал­тын медаль алып берді. Велошабандоз 250 шақырым қашықтықты 5 сағат 45 минут 57 секундта жүріп өтті. Мұндай ерлікті 38 жастағы Александрдан жаттықтырушылары да күтпеген. Өйткені Виноның Олимпиадаға қатысу-қатыспауы соңғы сәтке дейін белгісіз болып келген еді.

«Мен қатты толқып тұрмын, алтын медаль менің арманым еді. Ар­ман­дар орындалады. Қиын кезде жанымнан табылған отбасыма, ата-анама, достарыма рақмет айтамын. Бойымдағы бар күш-жігерімді сарқып, ве­лос­портқа қайта орал­дым да, Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алуға болатындығын баршаға дә­лел­дедім», – деп ағынан жарыл­ды Александр Винокуров. Одан кейін теле­бай­ланыс мерекелік от­шашуға ұласты.

Николай ВИНОКУРОВ, Александр Винокуровтың әкесі:

– Алаңға жиналған адам қарасынан-ақ Александрдың жанкүйерлері, тілектестері көп екендігі аңғарылып тұр. Баршаға зор алғысымды білдіремін. Бүкіл Қазақстан Сашаға жанкүйер болды. Ол бұл медалін 28 жылдық тынымсыз еңбегімен алды.




Көрілген: 2710    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2012, 13:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз 2012
    Зілтемірші Зүлфия
    14 Тамыз 2012
    Мұқалмас Майя

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31