ОЛИМПИАДА 2012

Дычконың жеңісін жерлестері де дүбірлетті

Төрткіл дүние көз тіккен Лондон Олимпиадасында бұрын-соңды бол­маған Қазақ елінің жеңістерін жер­лес­теріміз елдің әр түкпірінде дүркі­ре­тіп тойлауда. Олимпиада батыр­ларының құрметіне түрлі спорт­тық жарыстар мен ойындар ұйым­дас­тырылса, бірқатар облыста жүл­де­герлер құрметіне спорт сарай­лары­ның атауы да беріліп жатқаны рас.




Олимпиада ойындарында қоржыны­мызды қола медалімен толықтырған Иван Дычконың жеңісі жерлестерінің де қуа­ныштарын еселей түсті десек артық айт­қандық емес. Қарсыластарын бірінен соң бірін ауыр соққыларымен есеңгіретіп тас­таған қостанайлық жігіттің ерлігі төбемізді көкке екі-ақ елі жеткізбей тастады десек артық айтқандығымыз емес.Сидней Ол­им­пиадасының күміс жүлдегері Мұх­тар­хан Ділдәбековтен кейін қазақ боксында аса ауыр салмақта жоғары класты спорт­шы бой көрсетпегені белгілі. Сондықтан да бұл қоланың құны да жоғары болуы тиіс. Лондонда тегеуріні мықты Дычконың дү­бір­лі додада талай елдің мықтыларын төпелей соғып, жүлдені жұлып алған­ды­ғы көрер­мен­дерін қуанышқа бөледі. Орталық алаңдағы үлкен экранда әр кездесуін ел болып қызу тамашалаған қос­танайлықтар жерлестерінің жіберген әр соққысына қызу қолдау білдіріп жатты. Соң­ғы айқа­сын алаң иесі ұлыбрита­ниялық Энтони Джошуамен өткізген Иванның бірнеше соққысы есепке алынбай, ақыры есеп айырмасымен есе жіберіп алған жігіт қола жүлдені қанағат тұтты. Қалай дегенмен де ерлік жасаған ер жігіттің ел абыройын асқақтатқаны сөзсіз.

Елге келгенше екі көздері төрт болған қостанайлық ағайын батыр ұлдарын екі аяғын төбелеріне көтерді десек артық айт­пағанымыз. Тұманды Альбионда туымыз­ды төбеде қалықтатып, Әнұранымызды әуе­лете шырқатқан спортшылардың қата­рында өз ұлдарының да болғандығына шынымен де қатты қуанған қостанайлық­тар алдағы дүбірлі додаларда бұдан да биік межелерден көрінетініне нық сенімдерін білдірді.

Қазақ боксшылары үшін алынбас қа­мал­ға айналған қытайлық Жанг Жилейдің сағын сындырғандығына барша бокс­сү­йер қауым риза болғаны анық. Сондық­тан да болар, шетелдік баспасөз құрал­дары Иван Дычконы «Қазақстандық Кличко» деп нақты атап көрсеткен-ді. 15 жасынан бастап боксқа бет бұрған Дычконың жеткен жетістіктеріне отбасының да қос­қан үлесі орасан зор десек артық айтқандық емес.

1990 жылы туған Иван Дычко бүгінде Қостанай облысындағы темір кенімен танылған Рудный қаласында тұрады. Қазір З.Алдамжаров атындағы Қостанай әлеу­меттік техникалық университетінің спорт мамандығы бойынша 4-курста білім алуда. Қарапайым отбасыдан шыққан Ваня­ның ата-анасы темір кенінде қызмет ат­қа­рады. Әрқашан баласының тілеуін тілеп отыратын ата-ана ұлының әр сапарында оны жігерлендіріп, бар ақылдарын айтып отырады.

Владимир ШАЙЕР, Иван Дычконың жаттықтырушысы:

– Ваняның жеңіске жететініне күмә­нім болған жоқ. Алайда осы жолғы шаршы алаңдағы шәкіртімнің қарсыластары өте қауіпті болғанын мойындаймын. Соңғы шайқасында қарсыласы алаң иесі болғандықтан, жасаған бірнеше жой­қын соққылары тіпті есепке де алынбады. Дегенмен біздің бала өз күшін көр­сетіп берді.




Көрілген: 2644    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2012, 11:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз 2012
    Зілтемірші Зүлфия
    14 Тамыз 2012
    Мұқалмас Майя

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30