ОЛИМПИАДА 2012

Маңғыстаулық өрен ерледі

Лондон Олимпиадасы Маңғыстау спортының тарихына алтын әріппен жазылды. Себебі бұған дейін Маңғыстаудан бірде-бір спортшы Олимпиада ойындарына қатысып көрмеген екен. 20 жыл күткен жолдаманы Әділбек Ниязымбетов жеңіп алғанда, бүкіл облыс қалпақтарын аспанға атып қуанғаны рас. Ал Әділбек ел сенімін ақтап, ақтық бәсекесіне дейін жетті.




Жерлестерінің әрбір кездесуін маң­ғыс­тау­лықтар төрт көзі түгел отырып қада­ғалады. Әділбек рингке шыққан күндері Ақтау қаласындағы «Қазақтелеком» ғима­ратының кең залы адамға лық толы болды. Үлкені де, кішісі де жиналып, осындағы үлкен экраннан бокс жекпе-жегін тама­шалады.

Ал соңғы финалдық бәсеке өткен күні мұнда Әділбектің әкесі Сәбит Ниязымбетов, бауырлары, кішкентай қарындасы да келіп, жанкүйерлермен бірге болды.

Лондонда қазақ қоржынына жалғыз күмісті салған Ә.Ниязымбетовтің жеңісін маң­ғыстаулықтар қуана қабылдады. Ал ата-анасы мен білім алатын ордасының қуа­нышында шек жоқ. Маңғыстаулық аналар жаңа туған сәбилеріне Әділбек есімін қоюды бастап та кетті.

Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады. Әділбектің ана­сы да соңғы екі апта бойы түн ұйқысын төрт бөлді. «Баламның мойнына күміс медаль тағылды дегенде жүрегім орнына түсті. Бойымды мақтаныш сезімі билегені рас», – дейді чемпионның анасы.

Маңғыстау тарихында Олимпиада ойын­дарында бокстан күміске қол жеткізген әзірге тек Әділбек Ниязымбетов қана.

Әділбек білім алатын жоғары оқу орны да ерекше қуанышта. Олимпиадада медаль алған толағайлар арасында Ния­зымбетов қана студент болып шықты. Студент болғанда қандай, бүкіл қазақ мақ­тан тұтатын айрықша шәкірт. Дип­лом­ның тек қызылын алуды да жоспарлап отырған көрінеді.

Әділбектің жеңісі барша қазаққа ортақ. Ал маңғыстаулықтар жерлесінің оралуын асыға күтіп отыр.




Көрілген: 2871    Пікірлер: 1

сейсенбі, 14.08.2012, 12:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз 2012
    Зілтемірші Зүлфия
    14 Тамыз 2012
    Мұқалмас Майя

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31