ОЛИМПИАДА 2012

Мұқалмас Майя


• Елбасының құттықтау жеделхаты

Қазақстандық спортшы Майя Манезаға !

 Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиялық ойындардың ауыр атлетика сынындағы тамаша және өте айқын жеңісіңмен құттықтаймын.

Алтын медаль жеңіп алып, сен өзіңнің әлемнің үздік спортшыларының бірі екеніңді баршаға тағы бір рет дәлелдедің.

Өз шеберлігіңнің, мақсаткерлігіңнің және жеңіске деген жігеріңнің арқасында сен қарсыластарыңның үлкен құрметін, миллиондаған жанкүйердің тәнті көңілі мен қолдауын шынайы иелендің.

Қазақстандықтарды бұдан әрі де өзіңнің спорттағы жарқын жеңістеріңмен қуанта беруіңе тілектеспін!



Лондондағы бәсекенің 3-күні тұғырға көтерілген жетісулық ауыр атлет Майя Манеза да қазақстан­дық жанкүйерлерді жерге қаратқан жоқ. 63 келі салмақта сынға түскен Майя да алтыннан алқа тағынды. Жалпы есепте 245 келіні көтеріп, олимпиадалық рекордты жаңартқан жетісулық ауыр атлет қарсыластарына ешқандай мүмкіндік қалдырмады.




Жұлқа көтеру сынында жерлесіміз ре­сей­лік зілтеміршіге есе жібергенін айта ке­телік. Осы жаттығудағы үшінші мүмкінді­гін­­де біздің қыз 110 келіні бағындырса, ресей­лік атлет 112 келімен бірінші орынға кө­те­рілген еді. Сол сәтте көгілдір экран ал­дын­да отырған бар­ша қазақстандық жан­күйерлер келесі, яғни серпе көтеру сынын асыға күтумен бол­ды. Себебі серпе көтеру­дегі 143 келі әлем ре­кор­ды Майяға тиесілі. Тал­дықорғанның мей­рам­ханаларының бірін­де тікілей эфирден бә­секені бақылап отыр­ған бір топ жетісулық жанкүйер де жер­лестерінің жеңісіне бек се­німді еді. 

Сәбит Жайлыбаев, жанкүйер: «Бұған дейінгі жарыстардың бәрінде Майяның сер­пе көтеруде мықты екенін байқағанмын. Біздің қыз есесін әлі қайтарып алады. Біз сенен жеңіс күтеміз, Майя! Жігеріңді жаны, жаның­ды аяма! Біз сенімен біргеміз!»

Жанкүйерлердің айтқаны айдан анық болды. Серпе көтеру сынында соңғы бо­лып шық­қан Майя әу дегеннен 135 келілік зіл­те­мір­ді жұлып алып, Олимпиада чем­пио­ны атан­ды. Бірінші жаттығуда топ баста­ған ресей­лік Светлана Царукаева 125 келі­ден әрі аса алмады. Барша қазақ елінің үкілеген үміті – Майя Манеза қос жаттығудың қорытынды­сы бойынша одан 8 келі артық көтеріп, жалпы есепте Олимпиада рекордын жаңартты. 

Майя Манеза 1985 жылы 1 қарашада КСРО кезіндегі Фрунзе қаласында (қазіргі Біш­кек­те) туған. Ұлты – дүнген. Отбасылық жағ­да­йына байланысты Қытайға көшіп барып, ұзақ уақыт Бейжіңде тұрды. Алғашқы­да жеңіл атлетикаға қызыққан. Ал ауыр атлет­тер залына 16 жасында келді. Қазақстанға 2007 жылы Зүлфия Чиншанломен қатар алын­ған. 2009-2010 жылдарғы 2 дүркін әлем чем­пионы. 2008 жылғы Олимпиадаға оң қо­лының жарақаты кесірінен қатыса алма­ған бо­латын. Зүлфия мен Майя Манеза­ның жеке бап­кері – Виктор Ни.

«Спортшылар үшін жанкүйерлер қолдауы алтыннан қымбат. Бұл – үлкен сенім, үлкен жауапкершілік. Мен өз командаластарымның жігерін жығып алмау үшін, жанкүйерлер кө­ңілінен шығу үшін, мақсатыма жету үшін же­ңіс­­ке жеттім. 135 келіні көтергенімде «Ексель» ­кешенінен «Қазақстан! Қазақстан!» деген ұран­нан басқа ештеңе естімедім. Сіздерге рақ­мет!» дейді бар жанкүйерді жылы жы­миы­сымен қуантқан салмақты Майя.




Көрілген: 2767    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2012, 13:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз 2012
    Зілтемірші Зүлфия
    14 Тамыз 2012
    Мұқалмас Майя

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30