ОЛИМПИАДА 2012

Рекорд жаңартуда үздіктер қатарындамыз

  • Рекорд жаңартуда үздіктер қатарындамыз

    Рекорд жаңартуда үздіктер қатарындамыз

Төрт жыл тағатсыздана күткен Лондон Олимпиадасы да көзді ашып жұмғанша тарих парағына еніп кетті. Енді Рио-де-Жанейро Олимпиадасы басталғанша, яғни алдағы төрт жыл бойына біз Лондон естеліктерімен күн кешетін боламыз.


Қызығы бітпес Олимпиада

Майкл Фелпс пен Үсейн Болттың қалай аңызға айналғаны көз алдымызда тұр. Әжесінің суретін құшақтап, жүгіретін алаң­ды сүйе жөнелген доминикандық Феликс Санчес, алтын мен күмісті қойшы, қола медаль алғанда көз жасына ырық берген белоруссиялық гимнаст Любовь Черка­шина, тұғырда тұрып, туған елінің әнұраны аяқталғанша бетін жас жуған эфиопиялық Месерет Дефар, гонг үні соңғы рет естіл­генде арыстандай ақырған Серік Сәпиев­термен бірге Лондон Олимпиадасының жан тербетер сәттерін біз де басымыздан кешірдік. Енді Олимпиаданы қысқа қайы­ратын кез келген сияқты.

Лондон Олимпиадасына жалпы есебі 204 мемлекет қатысты. Соның ішінде 79 мемлекет жүлдеге ілікті. Жеті мемлекет, атап айтар болсақ, Кувейт, Тәжікстан, Морокко, Гонконг, Ауғанстан, Бахрейн және Сауд Арабиясы Лондон Олим­пиа­дасынан тек қана бір қола медаль енші­леген. Ал көршіміз Қырғызстан Олимпиада ойын­дарынан құр алақан қайтып, жалқы қола жүлдеге де қол жеткізе алмады.

54 мемлекетке Лондон Олим­пиа­дасының алтын жүлдесі бұйырған. Оның ішінде 19 ел Тұманды Альбионнан бір-бір алтыннан жеңіп алыпты. Ал найза лақты­ру­дан чемпион атанған Кешорн Уолкотт Тринидад мен Тобагоға тұңғыш Олимпиада алтынын сыйлады.

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 12-орынға көтерілді. Бұл – егемен­дік алғалы бері қатысқан төрт Олимпиада ойын­дарын он орап кететін көрсеткіш. Атланта Олимпиадасында Қазақстан 24-інші, Сидней Олимпиадасында 22-інші, Афи­ны Олимпиадасында 40-ыншы, Бей­жің Олимпиадасында 29-ыншы орын иемденген еді. Бұл – алтын саны бойынша көрсеткіш. Ал барлығы 13 жүлде жинаған Қазақстан Жаңа Зеландия және Белоруссия спортшыларымен бірге жалпы медальдар көрсеткіші бойынша 15-орында тұр.

Қазақстан құрамасы үшін сәтті аяқтал­ған Лондон Олимпиадасынан соң Гол­лан­дия, Украина, Куба, Чехия, Бразилия, Ямайка сынды спортта алар сыбағасы мол мемлекеттерді артқа тастады. Ал Илья Ильин мен Ольга Рыпакова алтын медаль алған соң азулы Ресей құрамасы да Қазақстаннан бір саты төмен тұрған еді.

Қазақстан Лондон Олимпиадасына спорттың 25 түрінен 116 спортшысын қатыс­тырды. Сол 25 спорт түрінің бесеуінен ғана біз жүлде жалына жармаса алдық.

Ильин – рекорд жаңартудың үздігі

Ал енді Тұманды Альбион төрінде жаңартқан рекордтарымызды санайық. Міне, қызық, көш басында Қазақстанның спортшысы тұр – Илья Ильин. Бір өзі бес рет рекорд жаңартыпты. Оның екеуі Олим­пиада, үшеуі әлем рекордтары. Әлбетте, қалай жаңартқанына қайта тоқталып жатудың аса қажеті жоқ шығар. Бәрі де дәл қазіргідей көз алдымызда. Одан кейінгі орынға орналасқан Ресей ауыр атлеті Наталья Заболотнаяның еншісінде Олим­пиаданың төрт рекорды бар. Светлана По­до­бедованың өнеріне көз сүйсінді. Лондон төрінде үш мәрте Олимпиада рекордына түзету енгізген аруымыз Қытай, Италия және Голландия спортшыларымен бірге үздік үштікті бөлісіп тұр. Сондай-ақ әлемдік және олимпиадалық рекордқа түзету енгізген тағы екі саңлағымыз бар. Олар – Зүлфия Чиншанло мен Майя Мане­за. Қарап тұрсақ, бәрі де ауыр атлеттер.

Осы толағайларымыздың арқасында рек­ордтар саны бойынша жалпы­коман­далық есепте төрттіктің қатарынан ойып тұрып орын алдық. Алдымызда АҚШ, Қытай және Ресей сынды әлемнің алпауыт елдері ғана. Артымызда Ұлыбритания, Авс­тралия, Италия, Оңтүстік Корея елдері тағзым етіп тұр. Ал, жалпы, Лондон Олим­пиадасында 39 әлемдік, 56 олимпиадалық рекор­дтарға түзету енгенін ескерсек, соның 11-ін Қазақстан спортшылары жаңарт­қан екен.





Көрілген: 3028    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2012, 12:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз 2012
    Зілтемірші Зүлфия
    14 Тамыз 2012
    Мұқалмас Майя

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30