Тарланбоз Таңатаров

Тарланбоз Таңатаров

Жамбыл жұртшылығы жерлестерін зор үмітпен шығарып салған Олимпиадаға. Тараздық тарланбоз­дар алтын алмаса да, қоламен қуантты. Әрине, қоланы да қомсынып жатқан ел жоқ. «Жарайсыңдар!» деп жерлестерінің жеңісіне қуанған бір жұрт. Олимп биігін бағындырған оғыландарын күтіп алуға барын салып бағуда. Алдымен Лондон Олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан ұлттық құрама командамызды қолдау үшін облыс орталығында «Алға, Қазақстан!» акциясы өтті.


Атаулы акцияға қала жастары, спорт­шылар, мектеп оқушылары мен тұрғындар көптеп қатысты. Күні кеше атаулы акция аясында демалыс орындарында «Біздің толағайларды қолда!» атты флеш-моб, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың спорт алаңында аула клуб­тарының спортсүйер жасөспірімдері арасында қалалық турнир ұйымдас­тырылды. Жасөспірімдердің жасыл алаңдағы жарысы «Менің жеңі­сім – менің еліме» атты ұранмен өтті. Жер­лес­терінің жеңісі құрметіне Мойын­құм ауданында екі шақырымдық марафон ұйым­дасты­рыл­ды. Сондай-ақ облыс орталы­ғын­дағы Достық алаңынан бас­талған көпшілік кросс Қазақстан Рес­пуб­лика­сы­ның Тұңғыш Президенті саябағына де­йін жалғасты. Акция барысында қала әкім­і­нің орынбасары Күлімхан Тоғызбаева, спорт­тық гимнастикадан республикалық дәре­жедегі төреші, спорт ардагері Мария Лабанова арнайы ұйымдастырылған жарыс­тарда жеңіске жеткен жүлдегерлерге ыс­тық лебіздерін білдіріп, олимпиада­шы­лардың жеңісті жолын жалғастыруына ті­лектестіктерін білдірді.
Лондон Олимпиадасында боз кілем­нің шаңын шығарған еркін күрес шебері тараздық Ақжүрек Таңатаров қола медаль үшін белдесуде түрік палуаны Рамазан Сахинмен күресіп, жеңімпаз атанды. 1/8 финалдық белдесу Ақжүрек үшін тартысты өткен болатын. Украиндік қарсы­ласы Анд­рей Квятковскийден екі кезеңде де ба­сым түсіп, ширек финалға жолдама алған-тын. Алғашқы кезеңде палуанымыз 3:2 ұпаймен армениялық Давид Сафариянды жеңді. Дегенмен екінші кезеңде 4:1 ұпаймен алға шыққан армениялықтың же­ңіске деген құлшынысы алабөтен көрінген. Бірақ намысын жаныған Ақжүрек үшінші кезеңді өз пайдасына шешті. Ал жартылай финалдың бірінші кезеңінде Ақжүрек үндістандық Сушил Кумарға есе жібергені­мен, екінші кезеңде есепті теңестірген-тін. Шешім шығатын үшінші кезеңнің нағыз қай­наған шағында үндістандық палуан Ақжүректің құлағын тістеп алып, қан жоса қылды. Белдесу сәтінде көзге көрініп тұрған жайтты төреші есепке алмады. Осылайша, біздің спортшы есе жіберді. Бірақ, айта кетерлігі, Ақжүрек лас белдесудің құрбаны болды. Дегенмен қола – қолда! Әлемнің небір дүлдүлдері бақ сынаған жарыста қолаға да қол жеткізе алмағандар мыңдап саналады. Ендеше, еліміздің қор­жынына қола салған қабыландарымыздың еңбегі ерек!
Ақжүрек Достықұлы Таңатаров 1986 жы­лы Тараз қаласында туған. Қазақстан­ның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық бірін­шіліктің жеңімпазы. Астанада күрес түр­ле­рінен өткен Олимпиадалық іріктеу жарысында күміс жүлдеге ие болып, лицензияны қанжығасына байлаған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста