ОЛИМПИАДА 2012

Тұғыры биік толағай


• Елбасының құттықтау жеделхаты

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильинге!

Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиялық ойындардың ауыр атлетика сынындағы тамаша жеңісіңмен құттықтаймын.

Әлем рекордын жаңартып және Олимпиаданың екінші алтынын жеңіп алып, сен сөзіңде тұратыныңды және әрқашан ең жоғары спорттық нәтижеге ұмтылатыныңды дәлелдедің. Жарыс алаңында сен қарсыластарыңа – әлемнің мықты ауыр атлеттеріне еш мүмкіндік қалдырмадың. Жарайсың!

Бұл зор табыс отандық спорт жылнамасына мәңгілікке енеді.

Саған жаңа жарқын жеңістер тілеймін!



Олимпиада дегенде ойымызға талай жарыстың шаңын қаққан оғландар орала береді. Үнемі үмітті ақтап жүрген саңлақтар баршылық. Соңғы жылдары еліміздің ауыр атлетикасы асқар асулардан асып келеді. Спорттың бұл түрінен талай мықтылар шықты. Олардың арасында Сыр спортының түлегі Илья Ильиннің шоқтығы биік.




Тамыздың 4-і күні Қызылорда қаласы­ның 20 мыңға жуық тұрғыны түннің бір уа­ғына дейін ауыр атлетиканың жігіттер ара­сындағы 94 келі салмақтағы бәсекесін бірге тама­ша­лады. Ешқандай сында сыр бер­мейтін сырбаз жігіт бұл жолы да ала­манға аттанар алдында ақжол тілеген Алаш елінің абыройын асқақ етіп, көк туы­мыз­ды көкте желбіретіп, Әнұран­ды қалық­татты. Сыр жұртшылығы жеңімпаз құр­ме­тіне Әнұран айтылған сәтте оны бар­лығы бір­дей қосыла шырқады.  

Осы сәтте Ильиндер шаңырағында да бүкіл отбасы көгілдір экранға көз тігіп, кен­же ұлдың тартысты бәсекесін тамашалады. Әкесі Александр мен үлкен ағасы Алексей Ильяның тартысты сайысын көру мақсатын­да Тұманды Альбиондағы спорт сарайында отырған болатын. Ал анасы Галина бұрын­ғы әдетімен бауыр еті баласының жарысын көруге жүрегі дауаламай, сыртта жүрді де қойды. Бұрыннан солай. Ол кісі Ильяның бірде-бір бәсекесін тікелей көрсетілімнен көрген емес. Баласына сенеді, жеңімпаз тұ­ғырында тұрып ең алды­мен анасына «Ма­ма, мен біріншімін» деп т­еле­фон шала­ты­нына да әбден үйреніп қал­ған. Осы жолы да болат білекті, арыстан жү­рек­ті Илья әлемде үздік екенін тағы бір мәрте дәлел­деп, қоссайыстың қорытындысында 418 келіні бағындырды. Ол барлық мүм­кіндігін босқа жібермеді. Сабырлы қалпы­нан таймай, Олимпиада және әлемдік ре­корд­қа екі мәрте түзету енгізді.

Тұманды Альбион­нан оралған сәтте үлкен толқыныспен «Ту­ған жерім – Қызылорда қаласы мен елі­міздің өзге қалаларында ауыр атлетика ор­т­алығын ашсам деген мақсатым бар», – деді ағынан жарылып. Сондай-ақ Сыр өңірінің басшы азаматтарының қолдауы­мен Ильяға дүбірлі жарыстарға тыңғылық­ты әзірлік жасауы үшін ай сайын 15 мың АҚШ доллары шамасында стипендия тағайында­ды. Жерлестерінің осындай сенімі оны тағы да алдағы асуларға жете­лей түскендей. Ал­­да­ғы күндерде туған жер то­пырағына қадам басатын толағай та­лант­қа тағы да осындай құрмет көрсетіледі деп күтіліп отыр.    

Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамы­рын­да Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алты жасында ағасы Алексеймен бірге ауыр атлетика үйірмесіне барып жүрді. Дегенмен бапкерлер оны сегіз жа­сын­да өздеріне шәкірт етті. Көп ұзамай-ақ Илья түрлі жарыстарда топ жара бастады.

Ильяның есімі 2002 жылы жалпақ жұртқа жайылды. Ол кезде жерлесіміз небәрі он алты жаста болатын. Жасөспірім болса да ересек­тер арасында бәсекеге түсіп, әлем чемпионы атағын алды. Дүние­жү­зінде бозбала кезінен мұндай жетістікке жет­кен саңлақтар санаулы ғана.

Толағай талантымыз әрдайым биік белес­ке бет түзейді. Құдай қаласа, төрт жыл­дан кейін Бразилияда болатын Олим­пиа­дада да оғланымыз оқ бойы озық шыға­рына сеніміміз зор.




Көрілген: 3103    Пікірлер: 1

сейсенбі, 14.08.2012, 14:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз 2012
    Зілтемірші Зүлфия
    14 Тамыз 2012
    Мұқалмас Майя

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30