ОЛИМПИАДА 2012

Зілтемірші Зүлфия


Елбасының құттықтау жеделхаты

Қазақстандық спортшы Зүлфия Чиншанлоға !

Сені ХХХ жазғы Олимпиялық ойындардың ауыр атлетика сынындағы сенімді жеңісіңмен және алтын медаліңмен құттықтаймын!

Сен әр спортшының өміріндегі ең маңызды марапатты жеңіп қана алған жоқсың, сонымен қатар әлемнің үздік спортшыларын артқа тастап, әлем рекордын жасадың!

Сенің табандылығыңның, еңбекқорлығыңның және спорттық құмарлығыңның арқасында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Сен әлемге тағы бір рет өзіңнің мүлтіксіз шеберлігің мен жеңіске деген жігеріңді паш еттің. Қазақстан сені мақтан етеді.

Саған табыстар және алда үлкен жеңістер тілеймін. Сенің үлкен жеңістеріңнің әлі де көп болатынына сенімдімін!



Лондондағы байрақты бәсекеде Қазақ елі зілтемірші қыз-жігіттеріне үлкен сенім артқаны рас. Қуаны­шы­мыз­ға орай, сенім ақталды. Ауыр атлеттер арасында алғашқы ал­тын­­ды ел қоржынына жетісулық спорт­­шы Зүлфия Чиншанло салды. 53 келіге дейінгі салмақта өнер көр­сеткен 19 жасар қаршадай қыз көк Туымызды көкке көтеріп, Лон­­­­дон төрінде Әнұранымызды әуе­­­летті. Әрине, жеңіс оңай келген жоқ.




92 келіге тапсырыс берген Зүлфия жұлқа көтерудің бірінші мүмкіндігінде сәтсіздікке ұшырады. Бәріміз демімізді ішке алып, келесі мүмкіндігін күттік. Бапкерлердің ақыл-кеңесін тыңдаған  2 дүркін әлем чемпионы екінші мүм­кіндігінде – 92, үшіншісінде 95 келіні ба­ғын­­дырды. Жұлқа көтеру сынында жерлесі­міз­дің алдына 99 келімен тайпейлік және 96 келі­мен түркиялық ауыр атлет түсіп кеткені жан­күйерлер жүйкесіне салмақ түсірді. Деген­мен Зүлфия серпе көтеру сынында сүрін­ген жоқ. Өзі бір жыл бұрын Парижде орнат­қан 130 келі әлем рекордын жаңартып, 131 келіні басынан асыра көтерді. Зүлфия Чин­шанло – Олимпиада чемпионы! Қос жат­ты­ғудың нәтижесі бойынша да жаңа рекорд орна­тылды, ол – 226 келі. Бапкерлер серпе кө­теру­дің келесі мүмкіндігінде 135 келілік зілте­мірге тапсырыс берген. Бұл батпан тасты Зүл­фия иығына дейін көтерді де, күліп жібе­ріп, тастай салды. Олимпиада чемпионына не істесе де жарасады. Аңғарғанымыздай, 135 келіні көтермегеніне Зүлфия өкінген жоқ. «Олимпиада алтыны – қоржында, қалған күшін қаршадай қыз әлі алда көрсететін бола­ды» деп түйдік.

Зүлфия – Алматы облысынан Олимпиада­ға аттанған 10 спортшының бірі. 29 шілдеде бол­ған жарыста ол алғашқы жетісулық болып алтын иеленді. Жарысты бастан-аяқ жетісу­лық­тар да тамашалады. Жастар бірігіп Талды­қорғанның орталық алаңындағы үлкен экран арқылы Зүлфияның тілеуін тіледі. Ал Әнұран шырқалғанда жанкүйерлер Зүлфиямен бірге жылап тұрды. Бұл қуаныштың көз жасы еді.

Зүлфия Салахарқызы Чиншанло 1993 жылы 25 шілдеде Алматы қаласында туған. Ұлты – дүнген. Кәсіпкерлікпен айналысқан әкесі Салахар Чиншанло тоқырау жылдары күн­көріс үшін Қытайға көшіп кеткен. Он жыл­дан астам уақыт өткеннен кейін Зүлфияны бірлескен оқу-жаттығу үстінде Алексей Ни (қазіргі ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері) байқап қалады. Бұл 2006 жыл еді. Зүлфия небәрі 13 жаста. Содан 2007 жы­лы Зүлфияны туған жеріне қайтарып алды. Тынымсыз еңбек пен тұрақты дайын­дық­­тың арқасында Зүлфия екі жылдан кейін-ақ таңға­лар­лық нәтиже көрсетті. 2009 жылы Оңтүстік Ко­реяның Гоянг қаласында өткен ауыр атле­ти­кадан әлем чемпионатында топ бастады. Айта кетелік, бұл кезде Зүлфия небәрі 16 жаста еді. Елге оралысымен, сол кездегі Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов ең жас чемпионға Талдықорған қаласынан 2 бөл­мелі пәтер сыйлады. Қазір Зүлфия – Тал­дықорғанның тұрғыны. 19 жасар бой­жеткеннің басы бос. 

«Менің барлық жеңістерім Қазақстанмен байланысты. Қытайда жүргенде мен мұндай нәтижеге жетем деп ойламайтынмын. Қазақ халқының арқасында, олардың кеңпейілділігі мен дос көңілінің арқасында мен көк Туды көтере ұстап жүруге үйрендім. Өз-өзіме сенім­ділік пайда болды. Мен Қазақстаннан еш­қайда кетпеймін. Осы елдің азаматы ретін­де бар күш-жігерімді еліміздің өркендеуіне қоса­мын». Зүлфияның осылай деп телеарнаға бер­ген сұхбатынан мерейіміз тіпті өсіп қалды.




Көрілген: 2842    Пікірлер: 1

сейсенбі, 14.08.2012, 13:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз 2012
    Зілтемірші Зүлфия
    14 Тамыз 2012
    Мұқалмас Майя

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30