Абай Айдарханұлы Бисембаев

20 мамыр 2014, 17:11

Абай Айдарханұлы Бисембаев 1967 жылы 21 мамырда Көкшетау облысында дүниеге келген. 1992 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «әлеуметтік - саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Нарық институтын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Саясаттану ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 1984 жылы Көкшетау облысының Құрылыс - монтаждау басқармасында жұмысшы болып бастаған. 1985 - 1987 жылдары - Кеңес әскері қатарында болған. 1992 жылы - Қазақ КСР Ғылым академиясы Экономика институтының ғылыми қызметкері. 1992 - 1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті инвестициялық қорлар басқармасының жетекші маманы, бастық орынбасары, бастығы. 1994 - 1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Іс басқармасы аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінің консультанты. 1995 - 1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлттық бағалы қағаздар жөніндегі комиссия мүшесі. 1996 - 2006 жылдар - «Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ вице-президенті, президенті. 2006 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары. 2012 жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегi үшiн» медалімен марапатталған.