Алексей Юрьевич Волков

20 мамыр 2014, 17:11

Алексей Юрьевич Волков 1958 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Малайзия Дипломатия және халықаралық қатынастар институтының курстарын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты. 1981-1991 жылдар аралығында Қазақ Политехникалық институтында және Қазақ Мемлекеттік университетінде (Алматы қ.) ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 1991 жылдан 1992 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігінде консультант болып жұмыс атқарған. 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқаруда – БҰҰ бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, меңгерушісі. 1994 жылдан бастап – БҰҰ және арнаулы халықаралық ұйымдар басқармасының бастығы. 1996-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілінің орынбасары (Швейцария Конфедерациясы). 1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі Хатшылығының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Кеңсесінің Мемлекеттік инспекторы. 2003 жылдың мамыр айынан 2005 жылдың қыркүйек айына дейін – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2005-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2006 жылы «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», 2008 жылы «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, 2008 – 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, 2011 жылы «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен және Польша Республикасы Автокефалдық Православиелік шіркеуінің «Қасиетті Мария Магдалена» орденімен марапатталған. 2012 жылы «Польша Республикасына сіңірген еңбегі» командорлық орденімен марапатталды. Қазақ, поляк және орыс тілдерінде жаряланған «Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 20 жыл» атты кітаптың авторы.