Өмірбаян

Амандық Ғаббасұлы Баталов

  • Амандық Ғаббасұлы Баталов

    Амандық Ғаббасұлы Баталов

 Амандық Ғаббасұлы Баталов 1952 жылы 22 қарашада Өзбекстанның Нөкіс қаласында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген. 1981-1985 жылдары - «Алматыөңдеуқұрылыс» тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прораб, бас инженер, бастық. 1985-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы, құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы. 1987-1989 жылдары - құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман. 1991-1992 жылдары - ҚР Президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті. 1992 жылы - «Құрылыс индустриясы және технология» концернінің вице-президенті. 1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары - Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі. 1995-2001 жылдары - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі. 2001-2008 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылғы сәуірден бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2014 жылдың тамыз айында Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.

«Құрмет» (2008) орденімен, «Астана», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.




Көрілген: 4341    Пікірлер: 0

жұма, 21.11.2014, 08:50

Достарыңмен бөліс:

  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31