Арғын Мықтыбайұлы Қыпшақов

19 мамыр 2014, 10:15

Арғын Мықтыбайұлы Қыпшақов 1967 жылы 18 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 жылы Мәскеу станок-аспаптық институтын бітірген. 1996 жылы ҚазМБА Нарық институтын бітірген.
1994 жылғы желтоқсан айынан бастап 1998 жылғы тамыз айына дейін - маман, салық инспекторы, аға, бас салық инспекторы; 1999 жылдан бастап - 2000 жылға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігінің, Салық төлеушілермен жұмыс істеу департаментінің сыртқы аудит бөлімінің бастығы; 2000 жылғы наурыз айынан бастап 2001 жылғы маусым айына дейін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігінің, Салық төлеушілермен жұмыс істеу департаментінің сыртқы аудит пен өндіру басқармасы бастығының бастығы; 2001 жылдан бастап – 2002 жылға дейін - Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігінің, Салық төлеушілермен жұмыс істеу департаменті директорының орынбасары;
2002 жылдан бастап – 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшілендіру басқармасы бастығының орынбасары; 2003 – 2007 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшілендіру басқармасының бастығы; Қазіргі уақытта ҚР Қаржы Министрілігі Салық комитеті Төрағасының орынбасары.