Арыслан Дәйкенұлы Әбдіқалықов

03 мамыр 2014, 10:06

Арыслан Дәйкенұлы Әбдіқалықов 1964 жылы 3 мамырда Павлодар облысы Ермак ауданының Жаңатілек ауылында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын математика және физика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Краснокутск ауданындағы Чкалов атындағы кеңшардың Мүткенов атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастады. 1988-1990 жылдары Павлодар педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы болды. 1990-1998 жылдары Павлодар педагогикалық институтының оқытушысы, Алматы қаласы ҚазКСР Ғылым академиясының математика және механика институтының аспиранты, С. Торайғыров атындағы ПМУ-де оқытушы, аға оқытушы, доцент болған. 1998-2002 жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті. 2002-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары болды. 2005-2007 жылдары "Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары болды. 2007-2008 жылдары Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2008-2011 жылдары Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болды. 2011 жылдың мамыр айында Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.