Асылхан Төлепов

20 мамыр 2014, 17:26

Асылхан Төлепов 1992 жылы 21 мамырда Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанында ашылған колледждің професссоры Есім Сегізбаевтың класын тәмамдаған, киноактёр. 2010 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» шығарған Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінде президенттің досы Ғалидің рөлін сомдаған. "Жаужүрек мың бала" фильмiнде көрсеткен ерлігі мен шеберлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталды. 2013 жылы – "Серпер" Жастар сыйлығының иегері. 2011 жылы «Жаужүрек Мың бала» фильміндегі басты кейіпкер мыңбала Сартайдың рөліне ие болған.