Айдос Жұмаділдәұлы Бектеміров 1950 жылы 26 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. Алматы эстрада-цирк студиясын, Мәскеу театр институтын, Алматы театр және кино институтын бітірген. «Қазақконцерт» бірлестігінде, республикалық «Гүлдер» ансамблінде, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет атқарған. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.
2003 жылдан - М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. Театр сахнасында Мәди (Ә.Әбішевтің «Атыңнан айналайынында»), Мұрат (Т.Әбдіковтің «Біз үшеу едігінде»), Мылқау, Науан хазірет (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында»), Тұрар (Ш.Мұртазаның «Сталинге хатында»), Орманшы (Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралында»), Абай (Р.Сейтметов «Қалың елім, қазағымда») рөлдерін орындады. Режиссер ретінде 1998 жылы Ә.Сараевтың «Мұңым менің» пьесасын сахналады. «Шоқан Уәлиханов», «Провинциалдық роман» көркем фильмдеріне де түскен.
Айдос Жұмаділдәұлы Бектеміров
25 мамыр 2015, 15:10
