Өмірбаян

Болат Манашұлы Атабаев


Болат Манашұлы Атабаев 1952 жылы 14 мамырда Алматы облысы, Тентек ауылында дүниеге келген. Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын (1974), Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын профессор Ә.Мәмбетов пен А.Пашковтың жетекшілігімен бітірген (1983); 1990 жылы Мюнхен ұлттық театрында (Германия) стажировкада болды.

Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынас тілдері университетін (1974), театр және көркемсурет институтын (Ә.Мәмбетов пен А.Пашков шеберханасы бойынша) бітірген (1983). 1990 ж. Мюнхен (Германия) ұлттық театрынан тәлім алған. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы неміс драма театрында Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббатын", А.Закстың "Өз ошағың" драмаларын, В.Гейнцтің "Жүздеген жыл толқын дарын да", "Адамдар және тағдырлар" тарихи диологиясын сахнаға шығарды. 1990 ж. Қазақ академиясы драма театрына жұмысқа ауысып, Б.Римованың "Қос мұңлық", М.Мақатаевтың "Қош, махаббат", сондай-ақ, И.Оразбаевтың "Шыңғысхан", М.Метерлингтің "Соқырлар", Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне", А.П. Чеховтың "Шағала", Ә.Кекілбаевтің "Абылай хан", Б.Брехттің "Тоғышардың тойы", М.Әуезовтің "Қарагөз", т.б. спектакльдер қойды. Қазір Республикалық неміс театрының директоры.[3]

Атабаев өзінің алғашқы режиссерлік өнер жолын Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Неміс драма театрында спектакльдер (Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббаты" т.б.) қоюмен бастады. 1990 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына ауысып, осында Б.Римованың "Қос мұнлық", М.Мақатаевтың "Қош, махаббат" (екеуі де 1991), И.Оразбаевтың "Шыңғыс хан" (1994), Қ.Ысқақтың "Жан қимақ" (1995), Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" (1996), Ә.Кекілбаевтың "Абылай хан" (1998; спектакль премьерасы Астана қаласында өтті), А.Чеховтың "Шағала" (1998), М.Метерлинктің "Соқырлар" (1993), Б.Брехттің "Тоғышардьң тойы" (1999); сонымен қатар Р.Мұқанованың "Қаралы сұлу" (М.Әуезовтің шығармасы бойынша; 1997, Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театры), Р.Болгтың "Кішкене сері" (1981, Германиядағы Пархим театры) т.б. спектакльдерді қойып, ол батыл сахналық эксперименттерге баратын, спектакльдің көркемдік-эстетикалық мән-мазмұныy ашуға ден қоятын ізденімпаз режиссер екенін байқатты.




Көрілген: 2299    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.05.2014, 17:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30