Еділ Лұқпанұлы Оразов

20 мамыр 2014, 17:09

Еділ Лұқпанұлы Оразов 1956 жылы 21 мамырда Батыс Қазақстан облысының Ақ Жайық ауданында дүниеге келген. Энгельс әскери зениттік-зымырандық қолбасшылық училищесін, Георгий Жуков атындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс академиясын бітірген. 1979-1993 жылдары - Энгельс әскери зениттік-зымырандық қолбасшылық училищесінің взвод командирі, батарея курсантарының командирі, оқытушысы. 1993-1998 жылдары - Шыңғырлау аудандық әскери комиссары, Батыс Қазақстан облысы әскери комиссарының орынбасары. 1998-2002 жылдары - Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының әскери комиссары. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ұлттық университетінің бастығы. 2005-2006 жылдары - «Батыс» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары. 2006 жылы - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде әскери атташе. 2007 жылы - Маңғыстау облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы. 2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының бастығы. 2010-2012 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚХР-дағы әскери атташесі. 2012 жылдан ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы. Генерал-майор. Медальмен марапатталған.