Эльдана Макинқызы Сәдуақасова

25 мамыр 2015, 15:13

Эльдана Макинқызы Сәдуақасова 1969 жылы 26 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген, Біріктірілген Вена институтында (Австрия) білім алған. Экономика және нарық қатынастарын зерттеу институтында экономист болып, Дүниежүзілік банктің кеңесшісі болып қызмет атқарды. 1997-1998 жылдары – ҚР көлік және коммуникациялар Министрлігінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент директоры қызметін атқарды. 1998-2001 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. Мұнан кейін көлік және коммуникация министрлігіне қарасты Азаматтық авиация Комитетінің төрайымы, ҚР қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының Бас бақылау инспекциясының мемлекеттік инспекторы, Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары Конфедерациясының вице-президенті қызметін атқарды. 2005- 2006 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі. 2006-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2009-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі. 2012 жылдан бастап – «Кәсіпқор» холдингі» АҚ басқарма төрайымы.