Ерболат Асқарбекұлы Досаев

20 мамыр 2014, 17:13

Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы энергетикалық институты, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
1997 жылы - «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары «АТФ Банк» Басқарма Төрағасы; 1998 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі; 1998 жылы - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда Вице-министрі; 2000 жылы - Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі; 2001 жылы - Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің Төрағасы; 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және кіші бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы; 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі; 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі; 2006-2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы; 2012 жылғы 25 қыркүйекте - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 390) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне тағайындалды. 2013 жылғы16 қаңтарда - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 468) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындалды.