Өмірбаян

Ержан Сакенұлы Бердібеков

Ержан Сакенұлы Бердібеков 1975 жылы 16 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Комсомол аулында дүниеге келген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің заң факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылдың қыркүйек айында Ақтау қалалық прокуратурасында тағылымдамашы, одан әрі прокурор көмекшісі болып бастады. 1998 жылдың маусымымен қараша айлары аралығында Маңғыстау облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саласындағы заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры болып тағайындалды. 1998 жылдың қараша айына бастап 2000 жылдың маусымы аралығында Маңғыстау облысының сот орындаушылар және приставтары Департаментінің директоры, одан әрі Маңғыстау облысы бойынша сот қаулыларын орындау комитеті Департаменті бастығының орынбасары. 2000 жылдың маусым айында Маңғыстау облысы прокурорының аға көмекшісі болса, осы жылдың қазан айынан бастап Маңғыстау облысы прокуратурасының бөлім бастығы болып қызмет атқарды. 2004 жылдың қаңтар айында Маңғыстау облысы Қарақия ауданының прокуроры болып тағайындалды. 2006 жылдың қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысы прокуратурасының Басқарма бастығы, облыс прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2010 жылдың ақпан айынан бастап 2011 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі болды. 2011 жылдың шілде айында Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры болып тағайындалды. 2012 жылдың тамыз айынан бастап Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары.




Көрілген: 1282    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.04.2014, 13:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30