Ерлан Қалижанұлы Бекхожин

05 мамыр 2014, 16:57

Ерлан Қалижанұлы Бекхожин 1963 жылы 6 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін бітірген. 1994-1997 жылдары - «Хабар» агенттігі ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі, «Жеті күн» ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. 1998-2003 жылдары - Қазақстан Республикасындағы «Мир» халықаралық телерадио компаниясының директоры. 2003-2009 жылдары «Литер-Медиа» ЖШС бас директоры, «Литер» және «Айқын» газеттері редакциялық кеңестерінің төрағасы. 2009 ақпан айынан бастап ҚР Президенті телерадио кешенінің бас директоры.
Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, Ресей және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Жылдың үздік журналисі» номинациясы бойынша «Алтын Жұлдыз» сыйлығының лауреаты