Ғабит Мұстафаұлы Матаев

25 мамыр 2015, 15:12

Ғабит Мұстафаұлы Матаев 1962 жылы 26 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар институтын, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 1984-1988 жылдары - Қызылорда пединститутының оқытушысы. 1988-1991 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты. 1992-1993 жылдары - ҚР Кәсіпкерлер конгресінің референті. 1993-1994 жылдары - «СМ Маркет» қауымдастығының менеджері, вице-президенті. 1994-1995 жылдары - ҚР Жоғарғы Кеңесінің консультанты. 1994-1997 жылдары - «Ақ Мешіт» ЖШС директоры. 1997-1999 жылдары - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1990-2000 жылдары - ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы. 2000 жылы - ҚР Мемлекеттік сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясының мемлекеттік инспекторы. 2000-2002 жылдары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы. 2002 жылы - ҚР Президенті Әкімшілігінің Бас бақылау инспекциясының мемлекеттік инспекторы. 2002-2004 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2004 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы. 2004-2006 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты басқармасы Бас инспекциясының, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2007 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі аппаратының жетекшісі. 2007-2009 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі әкімшілік жұмыстар және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры. 2009-2010 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С.Н.Ахметовтің кеңесшісі. 2010 жылы - Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі. 2011-2012 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, «Сарыарқа» ӘКК» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы. 2012 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.