Өмірбаян

Жапсарбай Ілиясұлы Қуанышев


Жапсарбай Ілиясұлы Қуанышев 1954 жылы 14 мамырда Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.

1986-1990 жылдары - Қазақ КСРО ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкер қызметін атқарды. 1990-1992 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының тарих және этнография институтының ғылыми хатшысы қызметін атқарды. 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты және Министрлер Кабинетінің Ішкі саясат бөлімі референті. 1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты және Министрлер Кабинетінің Ақпараттық-талдау орталығының сарапшысы, аға сарапшысы, қызметтерін атқарды. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты Ақпараттық-талдау орталығының аға сарапшысы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі қызметін атқарды. 2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2004-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды. 2008-2008 жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің инспекторы қызметін атқарды. 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» орденімен және 5 медальмен марапатталған.




Көрілген: 2137    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.05.2014, 17:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30