Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жарқын Қабыкенұлы Әлжанов

01 маусым 2015, 20:46

Жарқын Қабыкенұлы Әлжанов 1968 жылы 1 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданы Шалабай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Өскемен жол-құрылыс институтының жол қозғалысын ұйымдастыру факультетін жол қозғалысының инженері мамандығы бойынша, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтының қаржы және несие факультетін экономист мамандығы бойынша, 2002 жылы Халықаралық бизнес академиясының экономика және менеджмент факультетін (Мааstricht school of Managment Master of Buisiness Administration,specializing in General and Strategic Management) МВА мамандығы бойынша тәмамдаған.
1992 жылдан - «Орталықбанк» акционерлік банкісінің сарапшы-экономисі. 1993 жылдан - «Орталықбанк» Қазақ орталық акционерлік банкі директорының орынбасары. 1996 жылдан - «Орталықбанк» Қазақ орталық акционерлік банкісінің («Орталық Несие банкі» ААҚ) директоры. 1998 жылдан бері - «Мұнай сақтандыру компаниясы» ААҚ басқармасының төрағасы. 2003 жылдан гимнастика спорты федерациясының президенті.