Жасер Әзімханұлы Жарқынбаев

12 мамыр 2014, 15:37

Жасер Әзімханұлы Жарқынбаев 1969 жылы 13 мамырда Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын үздік бітірген, инженер-экономист. 1998 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қаржы және кредит» мамандығын үздік бітіріп, екінші жоғары білім алады. 1999-2001 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Техас Технологиялық Университетінде (АҚШ) оқып, экономика магистрі дәрежесін алған. 1993 жылдан бастап 1994 жыл аралығында Тараз қаласындағы «Тараз» акционерлік-коммерциялық банкінің валюталық бөлімінің экономисті, аға экономисті, бастығы болып жұмыс істеген. 1994-1998 жылдары - «Казкоммерцбанк» ААҚ Жамбыл филиалының операциялық бөлімінің бастығы, валюталық бөлімінің бастығы, кредит бөлімінің бастығы, бас бухгалтердің орынбасары. 1998-1999 жылдары – «Шымкентнефтеоргсинтез» ААҚТ Тараз филиалы директорының орынбасары. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2001 жылдан бастап 2002 жыл аралығында - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінде Сауда саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаменті ішкі сауда саясаты басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы. 2002 жылдан бастап 2003 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде болжамдық баланстар мен ұлттық шоттар бөлімінің бастығы, Макроэкономикалық болжам жасау басқармасының бастығы. 2003 жылдан бастап 2007 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Экономикалық саясат және индикативтік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Экономикалық саясат және болжам жасау департаментінің директоры. 2007 жылғы қарашадан бастап 2009 жылғы қазан аралығында – «Үкімет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жанындағы ұлттық талдамалық орталық» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2008 жылғы 5 қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары. 2009 жылғы 25 желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары.
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.