Өмірбаян

Жомарт Мирасұлы Нұрғалиев


Жомарт Мирасұлы Нұрғалиев 1958 жылы 16 наурызда Қостанай облысы Комсомол аудынының Ново-Троицк кентінде дүниеге келген.  КСРО 50-жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетін бітірген (1981), тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан). 1975 жылдан - Қостанай облысы Қамысты ауданының «Ұрқаш» кеңшарында құрылыс учаскесінің жұмысшысы. 1976 жылдың наурызынан - Қостанай драма театрының декорацияларды орнатушысы. 1976 жылдың маусымына - Қостанай педагогикалық институтының студенті. 1980 жылдан - Қостанай қалалық ІІБ ОДӨН өрт сөндірушісі. 1981 жылдың тамызынан - Қостанай облысы Қарасу АХББ инспекторы. 1981 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан ЛКЖО Қарасу аудандық комитетінің хатшысы. 1984 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Компартиясы Қостанай аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1984 жылдың қазанынан - үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі. 1987 жылдан - Қостанай облысы Қостанай ауданының Павлов атындағы кеңшар директорының жем өндірісі жөніндегі орынбасары м.а. 1988 жылдан - Гагарин атындағы оқу-тәжірибе шаруашылығы партия комитетінің хатшысы (Қостанай облысының Қостанай ауданы). 1991 жылдың сәуірінен - Ю. Гагарин атындағы Ауылшаруашылық кәсіпорындар қауымдастығы директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары (Қостанай облысының Қостанай ауданы). 1991 жылдың қазанынан - «Арай» ШК директоры (Қостанай облысының Қостанай ауданы). 1992 жылдан - Ю. Гагарин атындағы Ауылшаруашылық кәсіпорындары қауымдастығының оқу-тәжірибе шаруашылығының коммерциялық дирек- торы, 1993 жылдан - бас директордың коммерция және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жөніндегі орынбасары. 1994 жылдан - Қостанай облысының Сыртқы экономикалық байланыстар комитеті төрағасының орынбасары. 1996 жылдан - Қостанай облыстық Өнеркәсіп және сауда басқармасы төрағасының сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі орынбасары, 1997 жылдан - көлік және байланыс бөлімінің бастығы. 1999 жылдың наурызынан - «Иволга-Алтын» ЖШС коммерциялық директоры, 1999 жылдың қарашасынан - ЖШС бас директорының орынбасары (Қостанай қаласы). 2000 жылдың қаңтарынан - «Иволга-Холдинг» ЖШС бас директорының орынбасары (Қостанай қаласы). 2000 жылдың шілдесінен - «Садчиковка» ЖШС директоры (Қостанай қаласы). 2002 жылдан - «Иволга- Холдинг» ЖШС бас директорының орынбасары, 2003 жылдан - орталық аймақтың аймақтық директоры (Қостанай қаласы). 2006 жылдан - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі. 2009 жылдан - Қостанай қаласының әкімі. 2012 жылдан бастап Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2007). 




Көрілген: 1346    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.03.2014, 11:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30