Өмірбаян

Жұмахан Үшкемпірұлы Мірхалықов


Жұмахан Үшкемпірұлы Мірхалықов 1954 жылы 16 сәуірде Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз қаласы) дүниеге келген. А.Н. Косыгин атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді Мәскеу тоқыма институтын, осы оқу орнының аспирантурасын тәмамдаған. Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі.1976-1979 жылдары - Жамбыл технологиялық институты ХТООП кафедрасының ассистенті, машықтанушы-ізденушісі. 1979-1982 жылдары - А.Н. Косыгин атындағы Еңбек Қызыл Ту Орденді Мәскеу тоқыма институтының аспиранты. 1983 - 1998 жылдары - Жамбыл технологиялық институты «Жеңіл өнеркәсібтің машиналары мен аппараттары» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, институттың коммерциялық бөлімінің бастығы, ФМА факультеті деканының орынбасары, ТТМ кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, меңгерушісі.

1998-2008 жылдары - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жеңіл және тоқыма өнеркәсібі факультетінің деканы, тоқыма өндірісінің технологиясы кафедрасының доценті, профессоры. 2008 - 2012 жылдары - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің директоры, деканы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кафедрасының профессоры, осы университеттің инновациялық қызмет жөніндегі проректоры міндетін атқарушы, проректоры. 2012 жылғы қаңтардан бастап - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім саласының Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері атанған.




Көрілген: 2406    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.04.2014, 13:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30