Жұмат Әмзеұлы Махамбетов

19 мамыр 2014, 10:09

Жұмат Әмзеұлы Махамбетов 1945 жылы 18 мамырда дљниеге келген. Әнші (баритон). ҚР-ның еңбек сіңірген артисі (1992). Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік консерваториясын (1972; ҚР халық артисі Мұрат Мұсабаевтың класы бойынша) бітірді. Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының солисі болды. Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институты эстрада әншілері кафедрасының доценті.
Қазақ композиторларының лирикалық, патриоттық әндерін нақышына келтіріп, ерекше сезіммен, жүрекке жылы тиетін қоңыр дауыспен орындайды. Репертуарында еуропа және орыс композиторларының классикалық туындылары, романстар (Туноның «Фауст» операсынан Валентиннің каватинасы, Моцарттың «Дон-Жуан» операсынан Дон-Жуан ариясы, Вердидің «Травиата» операсынан Жермонның ариясы, Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Онегиннің ариясы т. б.) орын алған.