Өмірбаян

Қайыржан Нәукебайұлы Әділов


Қайыржан Нәукебайұлы Әділов 1936 жылы 24 мамырда Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын, Мәскеу тау-кен институтының аспирантурасын бітірген. Техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі.

1968-1983 және 1986-1987 жылдары - Қарағанды политехникалық институтының оқытушысы, доценті, профессоры. 1983-1986 жылдары - Кабул политехникалық институтының (Ауғанстан) оқытушысы. 1987-1994 жылдары - Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра меңгерушісі. 1994 жылдан Қарағанды Жер қойнауын кешенді игеру институтының зертхана меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері көмір кендерінің өндірістік технологиясын жетілдіруге арналған. Ол жер астынан кен өндірудің ағынды технологиясын жобалау теориясын жасап, кен өндіру үдерісі мен жүйелерінің беріктігін және қарқындылығын зерттеді. Шахталар мен кеніштерді күкіртті газдардан арылту технологиясының физикалық-химиялық өлшемдерін анықтап, жер асты кен жұмыстарының экологиялық қауіпсіздігін негіздеді.




Көрілген: 1077    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2015, 14:40

Достарыңмен бөліс:

  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31