Қуандық Сапарұлы Мұстафин 1964 жылы 1 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. Алматы теміржол инженерлері институтын, Академиялық құқықтық оқу институтын бітірген. 1986-1999 жылдары - Целиноград теміржол бөлімшесінде бақылаушы-тексеруші, тексеруші, аға тексеруші, бөлім бастығының орынбасары болды. 1999-2003 жылдары - Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының бастығы. 2003-2006 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік бақылауы комитетінің төрағасы. 2006-2007 жылдары - «Самұрық» холдингі» АҚ бас сарапшысы. 2007-2009 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жолаушылар тасымалын ұйымдастыру департаментінің директоры. 2008 жылы - «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті. 2009-2010 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жолаушылар тасымалы бойынша басқарушы директоры. 2010-2011 жылдары - «Вокзал-Сервис» АҚ президенті. 2011 желтоқсаннан бастап «Көлік сервисі орталығы» акционерлік қоғамының президенті.
Қуандық Сапарұлы Мұстафин
01 маусым 2015, 20:45
