Мақсат Ясылбайұлы Әділхан

15 мамыр 2015, 17:05

Мақсат Ясылбайұлы Әділхан 1978 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Тоғызбұлақ ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын "Арыс" баспасында редактор болып бастаған. "Хабар" телеарнасында, "Айқын" газетінде, "Қазақстан" телеарнасында, "Алаш айнасы" газетінде, "Егемен Қазақстан" газетінде жауапты қызметтерді атқарған.