Марат Дүйсенбекұлы Әйтенов

19 мамыр 2014, 17:15

Марат Дүйсенбекұлы Әйтенов 1978 жылы 20 мамырда дүниеге келген. ММУ-де (Ресей) экономика, Кембриджде (Ұлыбритания, Гирни) құқық саласы бойынша білім алды.
«Самрұқ-Қазына» АҚ-да Атқарушы директор, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-да Басқарушы директор, «Экономикалық зерттеулер институты» РМК-да бас директордың орынбасары қызметінде болды. 2011 жылдан бастап «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқармасының мүшесі.
Банктің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, ҚДБ-нің жобаларын құқықтық сараптау және құқықтық сүйемелдеу бойынша жұмысты үйлестіреді, сондай-ақ Кредиттік әкімшілік ету департаментінің, қамсыздандыруды бағалау департаментінің қызметіне жетекшілік етеді. Құқықтық қаржы талдамасы тақырыптары жөніндегі сарапшы.