Михаил Қасымұлы Наурызбаев

20 мамыр 2014, 17:05

Михаил Қасымұлы Наурызбаев 1942 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1965 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың химия факультетін бітірген. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик.
Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінде стажерлықтан бастап, кейін аспирант, аналитикалық химия кафедрасының кіші ғылыми қызметкері, ҚазМУ-дың ҒЗИ бастығы (1972 ж.), химия факультетінің деканы (1983-1987 жылдары, 1995-2000 жылдары) болып қызмет атқарды. 1988 жылы ақпанда Қазақ химия-технология институтының ректоры болып сайланып, сол жерде 4 жыл жұмыс жасап, ҚазМУ-ға қайта жұмысқа келеді. 1970 жылы кандидаттық диссертация қорғап, 1992 жылы «Разработка научных основ химичеких и электрохимических методов выделения металлов с применением поверхностно-активных веществ» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Оның ғылыми жетекшілігімен 27 кандидаттық және 2 докторлық диссертация қорғалды. 1994 жылдың соңында аналитикалық химия кафедрасының және факультеттің басқа да кафедраларының негізінде химия факультеті жанынан ҚазМУ физика-химиялық зерттеулер мен талдау Орталығын ұйымдастырды (ЦФХМА), орталықтың міндеті ғылыми зерттеулер жүргізіп, талдаудың жаңа әдістерін жасау, химиялық технологиялар жасау мен органикалық және бейорганикалық заттарды алу, сонымен қатар Қазақстан Республикасы кәсіпорындары мен ұйымдарының сарапшы-химиктерін дайындау және қайта даярлау. 300-ден астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 100-ден астам ғылыми мақаланың, 60-тан астам авторлық құқықтың, 20-дан астам оқу құралдарының авторы. “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған (1984 ж.). ҚР Жоғары мектебі Академиясының академигі.