Михаил Михайлович Бортник 1960 жылы 3 мамырда Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұзынсу ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Павлодар индустриялды институтын, 2002 жылы Орталық Азия университетін тәмамдаған. Өнеркәсіптік жылу энергетика инженері, заңгер.
1982-1998 жылдары Ақтау қаласында техникалық құрал-жабдық жөндеу мастері. Пластмасса зауытында комсомол комитетінің хатшысы. ЛКЖО Шевченко қалалық комитетінің І хатшысы. АКПО АҚ-да жылумен қамтамасыз ету телімінің бастығы, пластмасса зауытының бас энергетигінің орынбасары. 1998-1999 жылдары Ақтау-қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1999-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылдың қазан айынан Маңғыстау облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.
КСРО, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. «Құрмет» орденімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Михаил Михайлович Бортник
03 мамыр 2014, 10:03
