Мұзафар Әлімбаев

Мұзафар Әлімбаев

 Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-ді тәмамдаған. Тырнақалды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрген. Соғыс жылдарында республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.
1948 жылы Армиядан оралған соң, «Пионер» журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956–1958 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары. 1958 жылы «Балдырған» журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін журналдың Бас редакторы болды.
Алғашқы кітабы – «Қарағанды жырлары» 1952 жылы басылып шықты. Содан бері бірнеше ондаған кітабы, бірнеше дүркін таңдамалылары, туысқан халықтар тілінде көптеген жинағы шықты.
Жүз сексен әнге өлең жазды. 64 төл тума және аударма кітаптардың авторы.
Шығармалары 20 тілге аударылған. Соның ішінде орыс тілінде 6 кітабы, түрікмен тілінде «Мен – түрік мейманы» (1963), қырғыз тілінде «Жолдар. Ойлар. Жырлар» (1966) жинақтары жарық көрген.
Көркем аударма саласында Сағдидың «Бостанын» («Жәннат» деген атпен), Петефи мен Тоқтағұлдың, Аполлинердің таңдамалы өлеңдер жинақтарын, Ю.Фучиктің «Дар алдындағы сөзін», Орбелианидің «Ғибратнамасын» және Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Ғ.Тоқай, М.Жәлил, Фирдоуси, Х.Әлімжанның өлең-жырларын қазақ тіліне аударған.
1982 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін республикалық Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978), Қазақстанның Халық жазушысы, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері (1996). Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.
Отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі ордендерімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Отан» орденімен марапатталған.
Шығармалары: Қарағанды жырлары. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Жұмбақтар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1954; Лирика. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1958; Алатау баурайында. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1960; Менің Қазақстаным. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1960; Таңдамалылар. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1961; Шынықсаң, шымыр боласың. А., ҚМКӘБ, 1962; Жолдар – жырлар. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1964; Жүрек лүпілі. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1967; Өрнекті сөз – ортақ қазына. Монография. А., «Қазақстан», 1967; Көңіл күні. Таңдамалы. Өлеңдер мен дастандар. А., 1972; Балдәурен шіркін, балалық. Таңдамалы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1973; Тәрбие туралы әңгімелер. Эссе. А., «Қазақстан», 1972; Ер еңбегі – айнасы. Мақалдар мен нақылдар. А., «Қайнар», 1968; Қалам қайраты. Зерттеулер, эссе. А., «Жазушы», 1976; Көңіл күнделігінен. Эссе. А., «Жалын», 1980; Маржан сөз. Мақалдар. А., «Жазушы», 1982; Таңдамалы. 2 томдық. Өлеңдер, поэмалар, аңыздар. А., «Жазушы», 1983; Ақмаңдайлым. Әнөлеңдер. А., «Өнер», 1984 ; Аянның алақаны. Өлеңдер. А., 1987; Сүймеген жүрек семеді. Өлеңдер. А., 1987; Өмір. Өнер. Өнерпаз. Эссе. Зерттеме. А., 1990; Екі тақтай бір көпір. Өлеңдер. А., 1996; Шығармалар жинағы. Екі томдық. 1997; Нақылдар кітабы. 2000; Аулақ бол жаман әдеттен. А., «Балауса», 2002; Хат. Өлеңдер, поэмалар, балладалар. 2005; Нақылнама. Төл афоризмдерінің кітабы. 2006; Көп томдық шығармалар жинағы. (7 том). 2007; Балдәурен. Балаларға арналған таңдаулы тақпақтар, дастандар, жұмбақ, жаңылтпаштар. 2008.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста