Өмірбаян

Нағашыбек Қапалбекұлы


Нағашыбек Қапалбекұлы 1950 жылы 16 наурызда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қызыләскер аулында дүниеге келді. 1971 жылдан Жамбыл аудандық «Екпінді еңбек» (қазіргі «Атамекен») газетінде корректор, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, осы газеттің редакторы болды.

Бұдан соң халықаралық Жамбыл қорының бас директоры, республикалық Қарасай қорының директоры, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық бөлімшесінің төрағасы жұмыстарын атқарды. Республикалық Кітап мұражайының директоры болған.

Шығармашылығын мектепте өлең жазудан бастаған, 23 кітаптың авторы. 1980 жылы «Жалын» баспасынан «Еңлікгүл» атты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көрді.

«Жамбыл әлемі» атты фотоальбом, «Ата тағылымы», «Оспанханнан қалған сөз», «Іңкәр сезім – сырлы әуен», «Қыз ғұмыр – жыр ғұмыр», «Кітап әлеміне саяхат», «Батаменен ел көгерер», Үмбетәлі Кәрібаевтың екі томдығы, тағы да басқа жинақтар құрастырған. Бірнеше телефильм мен видеофильмдерге сценарий, пьеса жазған.

Халықаралық Жамбыл атындағы және республикалық Төле би қорлары сыйлығының, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарының және Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қарасай ауылының Құрметті азаматы. Халықаралық Экология академиясының академигі, профессоры. Қонаев атындағы университеттің профессоры.

Шығармалары: Еңлікгүл. (1980); Дос жүрегі. (1985); Қызыл елік. (1986); Қызыл жолбарысты қызырлы би. (1993); Таудан түскен тұман. (1993); Махаббатсыз өмір жоқ. (1994); Бойтұмар. (1995); Киесі – қызыл жолбарыс. (1996); Қарасай, Қарасай. (1998); Мақыш балуан. (1999); Қарасай батыр. (2001); Жерошақтың түтіні. (2002); Ұлағатты үш ардақты. (2004); Ерекше тапсырма. (1981); Жамбыл Ата. (2006); Батаменен ел көгерер. (2006); Қарасай батырдың қара босағасы. (2007); Қызыл жолбарысты Сарыбай би. (2007); Біздің ауыл тау жақта. (2007); Қарасай батыр – ұраным. (2007); Құртқа тәуіп. (2008); Құт пен жұт. (2008); Шамшырақ. (2008).




Көрілген: 3510    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.03.2014, 11:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30