Нұрлан Еркінұлы Жанәбілов

05 мамыр 2014, 15:21

Нұрлан Еркінұлы Жанәбілов 1953 жылы 5 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. 1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірді, 1980 жылы КСРО ІІМ Мәскеу академиясының адъюнктурасының күндізгі бөлімін тәмәмдады, 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын тәмәмдады.
1984 – 1998 жылдары Абай атындағы Қазақ педогогикалық институтында, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент, құқық және кәсіпкерлік кафедрасының меңгерушісі, ҚР Құрылыс министрлігі Республикалық біліктілікті арттыру институтының бірінші проректоры болып еңбек етті. 2000 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік заң академиясының доценті, ғылыми сараптама бөлімінің меңгерушісі - Астана қаласындағы Біліктілікті арттыру институтының доценті болды. 2003 жылдан бастап Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры-азаматтық құқық және процесс кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми-оқытушылық жұмыстардағы еңбек өтілі 20 жылдан асады. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған.
Құқық докторы, 120009 - «Қылмыстық процесс, сот құрылысы, қадағалау, криминалистика, жедел-іздестіру қызметі» мамандығы бойынша заң ғылымының кандидаты – 1981 жыл, Мәскеу қаласы, КСРО ІІМ Академиясы. ҚР ІІМ «полиция полковнигі» арнаулы атағы бар. «Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбегі сіңген қызметкері».
1970 – 1974 жылдары – КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы. 1974 – 1983 жылдары – Алматы облысы ІІБ Социалистік мүлікті ұрлауға қарсы күрес бөлімінің, Алматы қаласы ІІБ, ҚазКСР ІІМ Социалистік мүлікті ұрлауға қарсы күрес басқармасының инспекторы, КСРО ІІМ академиясы Социалистік мүлікті ұрлауға қарсы күрес бөлімі кафедрасының адъюнкті, КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы. 1983 – 1998 жылдар аралығында – ҚазКСР Әділет министрлігі Алматы адвокаттар алқасының мүшесі, КСРО Әділет министрлігінің Республикааралық адвокаттар алқасы №26 заң консультациясының (Орта Азия және Қазақстан) меңгерушісі, 1990 жылдан бастап «Азия Инюрколлегия» халықаралық адвокаттар ассоциациясының президенті, 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Инюрколлегия» ұлттық заң корпорациясының және «Казахинюрколлегия» Қазақ өңіраралық адвокаттар алқасы президиумының төрағасы, 1996 жылдан бастап Мәскеу қаласындағы Халықаралық адвокаттар одағының (достастығының) вице-президенті және (IUA) Халықаралық адвокаттар одағының (Париж) мүшесі болып табылады. 1998 жылдан бастап Халықаралық адвокаттар одағының (достастығының) қазақ филиалын басқарды. 1998 жылдан бастап сонымен қатар Астана қаласындағы Ақмола облысының адвокаттар алқасының мүшесі, «Национальная юридическая коллегия «Injurcollege» адвокаттық контораларын ұйымдастырушы. 1998 мамырдан бастап 2000 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот қаулыларының орындалуы жөніндегі комитетінің Департамент бастығы, Қазақстан Республикасы Парламенті Заңшығару қызметі және мониторинг орталығының сектор меңгерушісі. 2000 жылғы қарашадан бастап 2003 жыл аралығында Жоғарғы Сотта – ұйымдастыру жұмысы және шаруашылықпен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Аппарат басшысының міндетін атқарушы, Аппарат басшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңсесінің бастығы. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып тағайындалды. 2004 жылғы желтоқсанда Бас прокуратураға жұмысқа ауысуына байланысты судья мәртебесі сақтала отырып, судья қызметінен босатылды. 2004 жылы – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы - Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитеті Баспасөз қызметінің жетекшісі. 2005 жылғы шілдеден Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде – бас сарапшы, инспектор, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының ақпараттық мониторинг секторының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі ахуалдық бөлмесінің басшысы болып қызмет атқарады. 2010 жылғы 20 қаңтардағы Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. 2013 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.
ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Ішкі істер министрлігінің 7 ведомстволық наградасымен және ҚР Президентінің Жарлығымен «Астананың 10 жылдығы» медалімен, «Қызылорда облысына – 70 жыл» мерейтойлық медалімен, Халықаралық адвокаттар (ынтымақтастығы) одағының Құрмет грамотасымен және «Халықаралық адвокат» алтын медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.