Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков

05 мамыр 2014, 15:27

Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков 1962 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымының докторы (2003), профессор (2004). ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (2012). 2013 жылдың 5 маусымынан Қарағанды облыстық Маслихатының хатшысы.
1984–1995 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1996 жылдан Қарағанды қаласындағы «Болашақ» институтының ректоры (2007 жылдан «Болашақ» университеті).