Оразалы Сәбден

19 мамыр 2014, 17:09

Оразалы Сәбден 1947 жылы 20 мамырда Түлкібас ауданы Тасбұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын бітірген (1970). Экономика ғылымының докторы, академик.
1970-1971 жылдары қорғасын завотында слесарь, 1971-1973 жылдары «Қазмонтажавтоматика» тресінде инженер болды. 1973-1990 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясында ғылым қызметкер, 1990-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінде ғылым және білім саласына жетекшілік етті. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2001-2003 А. Иасауи атындағы ХҚТУ-дің ректоры болған. 2006 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің экономика институтының директоры. Еңбектері негізінен Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысын саралауға арналған.